21 Авг 2025, Чт

АРЫСТА 600 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Өңір басшысы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатқан жаңа білім ошағының құрылыс алаңын аралады. 600 оқушыға арналған бұл мектеп заманауи талаптарға сай бой көтеруде.