9 Сен 2025, Вт

АРЫСТАҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ

Арыс қаласында қазіргі таңда үш мыңға жуық мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың бір бөлігі белсенді түрде еңбек нарығына араласуға ұмтылып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында Мансап орталығына жүгінеді. Аталған мекеме мұндай жандарға ерекше қолдау көрсетіп, олардың қабілетіне сай жұмыс табуға жан-жақты көмек ұсынады.