Таразда ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына арналған ерекше «Армандар қанаты» акциясы өткізілді. Республикалық «30 қайырымды іс» бастамасы аясында ЖО ТЖД қызметкерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларға құтқарушы мамандығымен жақынырақ танысуға, тіпті өздерін нағыз ұшқыш ретінде сезінуге бірегей мүмкіндік сыйлады.