Таразда облыстық ардагерлер кеңесінің басшылық құрамының маңызды отырысы өтті.Еркінбек Солтыбаевтың төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік жұмыстардың қорытындылары ғана емес, «Заң және тәртіп. Әділетті қоғам» атты өңірлік форумда қабылданған шешімдердің орындалу барысы да талқыланды. Ардагерлер ұйымдарының құқықтық тәртіпті нығайтуға қосып отырған үлесі, қарт азаматтармен жұмыс нәтижелері және кадрлық өзгерістер туралы келесі бейнематериалда.