Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету «Тең қоғам» КММ жанашырлық пен жауапкершілікті үйлестіре отырып, әрбір отбасына ерекше назар аударады. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі баланы бағып-қағып отырған ата-аналарға көрсетілетін әлеуметтік көмек – бұл орталықтың күнделікті міндеті ғана емес, адами миссиясы.
