Қызылорда облысында егін жинау науқаны табысты аяқталып, дала еңбеккерлерінің адал еңбегі лайықты құрметке ие болды. Бүгін Өнер орталығында «Алтын күз-2025» салтанатты шарасы өтті. Шараға Қызылорда облысының әкімі, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары, сала ардагерлері, еңбек озаттары және шаруашылық өкілдері қатысты.