Абай ақынның әр сөзі – тәрбие, әр ойы – өнеге. Бүгін Қамар апа балабақшасында өткен ерекше шара – соның айғағы. Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай бүлдіршіндерге арналған тағылымды кездесу өтті. Балғын балаларға ақын өлеңдерін жаттатқызып, ойын арқылы ой салған бұл күн ата-аналар үшін де әсерлі сәтке айналды.