16 Авг 2025, Сб

АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫ: ЖАМБЫЛДА АҚЫННЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Осыған орай Таразда ақынның ескерткішінің алдына гүл шоқтары қойылып, ұлы ақынға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ербол Қарашекеев, өңірдің зиялы қауымы өкілдері, мәдениет пен өнер майталмандары, сондай-ақ ақын шығармашылығын ұлықтаған көрнекті оқырмандар қатысты.