М.Х. Дулати атындағы университетінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция өтті. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей облысында дүниеге келген. Ол — қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы және композиторы. Абай — қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Оның терең әрі даналыққа толы шығармалары қазақ мәдениеті мен ұлттық сананың қалыптасуына зор ықпал етті.