Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте ғылым саласындағы мәселелерді шешу жолдары қозғалды. Яғни, одан әрі ғылым ашық модель бойынша дамиды. Біріншіден, бизнесті тарту үшін ынталандыру, оның ішінде салық мөлшерін төмендету қарастырылған. Екіншіден, университеттік ғылымды дамыту көзделген. Үшіншіден, ұлттық деңгейдегі кеңесте ғылымды дамытудың басым бағыттары және әртүрлі мәселелер талқыланады. Атап айтқанда, ғылым бағытына бөлінетін қаражат көлемі артты. Сондай-ақ, университеттерге, зерттеу институттарына құрал-жабдықтар алынды.