Түзеу мекемесі қызеткерлері халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды
1 min readОсыдан он жыл бұрын қарашаның қара суығында Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алған болатын. Тараз көшелерінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтау кезінде жергілікті полиция қызметкерлері ерлікпен қаза тапты. Бүгінде бейбіт күннің батырларын еске алып отырғанымызға 10жыл болды. Ғазиз Байтасов, Полат Аянқұлов, Жақсыбек Байсейітов сияқты азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігі-Отан алдындағы қызмет етудің нағыз үлгісі.
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері жылда батырлардың рухына тағзым ету дәстүрге айналған қапияда қаза тапқан бейбіт күннің батырларын еске алып, қысқа метражды өмірбаяндарынан үзінділер көріп, ерлік елдікпен бірге мәңгі жасай беретінін ескеріп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
ЖД-158/7 мекемесінің КСБ бастығы
әділет майоры Ғ.Т. Құлымбетов.