22 Май 2025, Чт

ЖАМБЫЛДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

 

Оқу жылы аяқталды. Жазғы демалыста балалар қайда және қалай демалады?  Бұл  сұрақ барлық ата-аналарды мазалайтыны анық.  Өйткені алдағы 3 ай демалысты балалар тиімді әрі, қызықты өткізуі қажет. Осы орайда, Жамбыл облысында биыл мектеп жанындағы лагерьлерден бөлек, 11  демалыс орны балаларды 6 маусымнан бастап қабылдап жатыр. Ол үшін бюджеттен 453  миллион теңге бөлінген көрінеді. Жалпы биыл қанша балғын қайда демалады? Тілші тарқатады.