ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ СҰРАНЫС АРТУДА
Отандық өнімге сұраныс артуда. Соңғы жылдары ел билігі импорттың орнына экспорттың үлесін көбейтуді мұрат етті. Бұл жөнінде отандық өндірушілерге мемлекет тарапынан берілетін қолдау аз емес. Соның бірі жамбылдық «Тараз Кож Обувь» ЖШС. Кеңес дәуірінде 7500 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорын жылына 6 миллион аяқ киім өндіретін. Кейінірек бұл көрсеткіш төмендеді. Тіпті 2012 жылы сатып алынғанда 50 адам жұмыс істеп, өнім көрсеткіші 20 мыңды құрады. Бүгінгі таңда отандық өнімге сұраныс көбейген. Жеңіл өнеркәсіппен айналысатын өндіріс орны жөнінде толығырақ тілші материалы.