ТОҚАЕВТЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
1 min read
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабы жұмысын бастады. Ағымдағы жылдың 6 қазаны күні Астана қаласында «АМАNАТ» партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Қазақстан Халық» партиясы және Қазақстанның Азаматтық Альянсы бастаған 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдардың ең жоғарғы органдарының жиындары өтіп, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсыну туралы шешім қабылдаған болатын.