ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Белгілі болғандай, 18 жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша жарамды және кейінге қалдыруға себептері жоқ жасөспірімдер мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады. Қыркүйектің алғашқы күндерінен бастап Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жасөспірімдерді әскерге шақыру жұмыстарын бастады.