АЗАМАТТАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА
Соңғы жылдары өңірде цифрландыру саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, көптеген жобалар қолға алынып келеді. Мәселен, 2023 жылы цифрландыру саласында 50 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Осыған орай Ұлттық жоба аясында электрондық еңбек биржасы арқылы 54 адам жұмысқа орналастырылған. Ал биыл азаматтардың өтініштерін тыңдау және олардың мәселелерін шешу бойынша облыстық цифрлық технологиялар басқармасы тарапынан азаматтарды қабылдау өткізілді.