В Жамбылской области с начала купального сезона утонул 1 человек. Об этом сообщили сотрудники ДЧС региона. Чтобы предотвратить подобные трагедии в департаменете усилили разъяснительную работу по правилам поведения на воде, в том числе в бассейнах и аквапарках областного центра.
Бүгін – БАҚ қызметкерлер күні. Кәсіби мерекеге орай қаламы қарымды, ақпараттың жаршысы журналистер қауымы арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиада өтті. БАҚ өкілдері 6 сайыс түрі бойынша сынға түсті.
Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының төл мерекесі. Алаш ардақтыларынан мұра болған сөз өнерін өрнектеген майталмандардың мерейі тасыған күн. Бұқара мен билікке алтын көпір болған журналистер бүгін алғысқа бөленді. Қалалық әкімдік те тілшілер қауымын назардан тыс қалдырмай, марапаттады. Толығырақ Маған Орынбасар баяндайды.
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиында халықпен кері байланыс орнату мәселелері мен облыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары сараланды. Толығырақ тілші материалында.
Шомылу маусымы басталғалы Жамбылда 1 адам суға кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша қала аумағында орналасқан бассейндер мен аквасаябақтардың басшыларымен, демалушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлықсыз болашақ!» атты жастар акциясы өтті. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жастар қатысты.Акция барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің оқу жаттығу құрамы есірткіге қарсы іс-қимыл шеберлігін көрсетті.
Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында қазақ күресінен 15 пен 13 жас аралығындағы жеткіншектер арасында республикалық турнир өтті. 2 күнге жалғасқан аламанға еліміздің 8 аймағынан келген спортшылар қатысты. Тәжікстаннан да жас палуандар келіп, бақ сынады.
Жастарға қазір балық бергеннен гөрі қармақ берген дұрысырақ.Бұл – бүгінгі қоғамның шешімі. Осы мәселе бойынша Жұмыспен қамту орталығы тұрақты түрде айналысып келеді.Мәселен, биылдыққа 1400 жас маман жұмысқа орналасып отыр.Оқу орнын жаңа бітірген жастар мамандығы бойынша жұмысқа орналасып,өмірлік тәжірибе жинауда. Жастар тәжірибесі жобасының пайдасын көрген жас маманмен тілші тілдесіп қайтты.Сюжет көріңіз.
В селе Бесагаш Жамбылского района прошел республиканский турнир по қазақ күресі среди юношей. В соревновании, который длился 2 дня, приняли участие спортсмены из 8 регионов страны. Такеже приехали юные борцы из Таджикистана.