11 Май 2026, Пн

Жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БАҚ ӨКІЛДЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының төл мерекесі. Алаш ардақтыларынан мұра болған сөз өнерін өрнектеген майталмандардың мерейі тасыған күн. Бұқара мен билікке алтын көпір болған журналистер бүгін алғысқа бөленді. Қалалық әкімдік те тілшілер қауымын назардан тыс қалдырмай, марапаттады. Толығырақ Маған Орынбасар баяндайды.

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиында халықпен кері байланыс орнату мәселелері мен облыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары сараланды. Толығырақ тілші материалында.

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАЙЫҚ!

Шомылу маусымы басталғалы Жамбылда 1 адам суға кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша  қала аумағында орналасқан бассейндер мен аквасаябақтардың басшыларымен, демалушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТТІ

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлықсыз болашақ!» атты жастар акциясы өтті. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жастар  қатысты.Акция барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің оқу жаттығу құрамы есірткіге қарсы іс-қимыл шеберлігін көрсетті.

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында қазақ күресінен 15 пен 13 жас аралығындағы жеткіншектер арасында республикалық турнир өтті. 2 күнге жалғасқан аламанға еліміздің 8 аймағынан келген спортшылар қатысты. Тәжікстаннан да жас палуандар келіп, бақ сынады.

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Қордай ауданына жұмыс сапары Сарыбұлақ ауылындағы “Самғау” шаруа қожалығының жұмысымен танысудан басталды.Биыл 350 гектар алқапқа жүгері, 100 гектарға күздік бидай, 30 гектарға арпа еккен қожалық тамшылатып суару технологиясын тиімді пайдалануда. 6 бірлік техникасы бар шаруашылықта 15 адам жұмыспен қамтылған.

ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ – ЖАСТАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ

Жастарға қазір балық бергеннен гөрі қармақ берген дұрысырақ.Бұл –  бүгінгі қоғамның шешімі. Осы мәселе бойынша Жұмыспен қамту орталығы тұрақты түрде айналысып келеді.Мәселен, биылдыққа 1400 жас маман жұмысқа орналасып отыр.Оқу орнын жаңа бітірген жастар мамандығы бойынша жұмысқа орналасып,өмірлік тәжірибе жинауда. Жастар тәжірибесі жобасының пайдасын көрген жас маманмен тілші тілдесіп қайтты.Сюжет көріңіз.

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО «ҚАЗАҚ КҮРЕСІ»

В селе Бесагаш Жамбылского района прошел республиканский турнир по қазақ күресі среди юношей. В соревновании, который длился 2 дня, приняли участие спортсмены из 8 регионов страны. Такеже приехали юные борцы из Таджикистана.

АКИМ ОБЛАСТИ ПОСЕТИЛ ОБЪЕКТЫ СТРОИТЕЛЬСТВА В КОРДАЙСКОМ РАЙОНЕ

 

Рабочая поездка акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова в Кордайский район началась с посещения крестьянского хозяйства «Самғау» в селе Сарыбулак. В этом году здесь кукурузу выращивают на 350 га, на 100 га — озимую пшеницу, на 30 га —  ячмень. Хозяйство эффективно использует технологию капельного орошения. На базе хозяйства имеется 6 единиц техники. Всего работают 15 человек.

МОЛОДЕЖНАЯ АКЦИЯ «БУДУЩЕЕ БЕЗ НАРКОТИКОВ»

 

26 июня в международный день борьбы с наркоманией в Таразе  прошла молодежная  акция Будущее без наркотиков. Участие в ней приняли все желающие, в том числе жители и гости города . В ходе мероприятия  состоялись и учения подразделений департамента полиции Жамбылской области. Его сотрудники продемонстрировали свое мастерство в борьбе с этим злом.