15 Ноя 2026, Вс

Жаңалықтар

ЗАПУЩЕН ЦЕХ ПО РЕМОНТУ ВОЕННОЙ ТЕХНИКИ

На полную мощность заработал цех по ремонту бронетанковой и автомобильной техники, запущенный недавно в производство в составе ремонтно-восстановительного подразделения регионального командования «Юг».

АКИМ ОБЛАСТИ ПОРУЧИЛ ПРОРАБОТАТЬ КОНКРЕТНЫЙ ПЛАН РАЗВИТИЯ МАЛЫХ ГОРОДОВ

Вопросы развития моногородов, а ими в Жамбылской области являются города Каратау, Жанатас и Шу, находятся под пристальным вниманием республиканских и местных исполнительных органов. Так, в рамках комплексного плана, утвержденного Правительством республики, в Министерство национальной экономики в июне 2022 года направлены разработанные проекты комплексных планов социально-экономического развития городов Каратау и Жанатаса на 2022-2026 годы. Об этом говорилось на совете по развитию моногородов под председательством главы региона Нуржана Нуржигитова.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Жуалы ауданында облыстың әлеуметтік-экономикалық саласына серпін беретін жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Өлкенің өркендеуіне кәнігі кәсіп диханшылықпен қатар, мал шаруашылығының дамуы да оң әсерін тигізуде, дейді сала мамандары. Бұл ретте  «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» жобасы өз жемісін беруде. Бүгінде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы несие алып, ауыл шаруашылығын дамытып жатқандар бар.

ӨҢІРДЕ 10 ҰЛТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгін өңір басшысы Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен кеңейтілген алқа мәжілісінің отырысы өтті. 2022 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талқылауға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан әкімдері қатысты. Толығырақ тілші материалында.

ОҚУШЫЛАР ТЕГІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ БАРЫП ЖҮР

Қазақта «Адам болатын бала алысқа қарайды» деген тәмсіл бар. Бала мықты болып өсуі үшін дұрыс тәрбие мен білім қажет. Тағы бір мәселе – балалардың қызығушылығын тауып, уақытын тиімді ұйымдастыру. Қазір асық ойнап, доп қуатын, балшықтан ыдыс жасап, тығылмақ, қуыспақ ойнайтын бала аз. Есесіне мектептен келе сала қас қарайғанша телефонға шұқшиып отырған жас көп. Олардың санын азайту мақсатында шаһарда түрлі үйірмелер жұмыс істеп тұр. Яғни, балалар тегін шығармашылық үйірмелермен қамтылған.

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫ ЖӨНДЕЙТІН ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты жөндеу-қалпына келтіру бөлімшесінің құрамында жақында ғана өндіріске енгізілген брондалған және автомобиль техникасын жөндеу шеберханасы толық қуатында жұмысын бастады. Бұл туралы әскери мамандар мәлімдеді.

ТАРАЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНУІ МҮМКІН

Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізу жөніндегі халықаралық сараптамалық комиссия мүшелері Әулиеата өңіріне келді.  Тараз қаласындағы қолөнер нысандарын аралап,  қолөнершілермен кездесуі ұйымдастырды. Әуелі аймақ басшысы  Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің президенті мен Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президентін қабылдады.

СУБСИДИЯ ШАРУАШЫЛЫҚҚА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚР-ның Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласына 31,2 млрд.теңге бөлінген . Бүгінгі күні бұл қаржының 11,0 млрд. теңгесі облыстағы 6 714 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде беріліп, игеріліп отыр.  Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының Ербол Жиенқұлов баспасөз алаңында мәлімдеді.

МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде Қаратау қаласының жай-күйі қаралды.   Бүгінде мұндай қалаларды дамыту жөнінде жол картасы әзірленген.Бұл жобада 6 бағыт 42 іс-шара қамытылған. Алғаш болып Қаратау және Жаңатас қалалаларында іске асырылмақ. Толығырақ тілші тарқатады.

ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің негізгі бағыттарының бірі облыс тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтан уланулардың алдын алу.  Бүгін осы тақырыпта баспасөз брифингі өтті. Толығырақ сюжеттен көріңіз.