ПРОШЛО ЗАСЕДАНИЕ ИНВЕСТИЦИОННОГО ШТАБА
На очередном заседании инвестиционного штаба под председательством акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова были заслушаны предложения и обращения ряда инвесторов.
На очередном заседании инвестиционного штаба под председательством акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова были заслушаны предложения и обращения ряда инвесторов.
Бүгін – Абай күні. Былтырдан бері 10 тамыз «Абай күні» деген атпен мерекелік дата ретінде аталып өтіп жүр. Осылай мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Сондай-ақ жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді. Ұлы ақынның мұрасын дәріптеу мақсатында ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Айта кетейік, бұл күні елімізде түрлі іс-шаралар: көрмелер, конференциялар, шығармашылық кештер өткізіледі.
Бүгін аймақ басшысы Шу қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес отырысын өткізді. Жиында аудан әкімі Сәкен Арубаев қаланың тыны- тіршілігі мен атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Шаһардың шешімін таппаған мәселелері де жетерлік. Жастарды жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту сынды қажеттіліктер бар. Толығырақ Мағжан Орынбасар баяндайды.
Еліміз бойынша жыл сайын 800-ге жуық дала және орман өрті, тіркеледі. Сол себепті жергілікті органдар алдын алу шараларының кешенді жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Қазіргі таңда барлық өңірлерде алдын алу шараларын іске асыру басталып кетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Республика аумағында Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Погонды журналист» жобасы өтіп жатыр. Жоба шеңберінде БАҚ өкілдері погон тағып, полиция қызметкерінің бір күндік жұмысымен жақынырақ таныса алады.
4-7 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық біріншілікте төрт күн бойы татами шеберлері жеке және аралас-командалық жарыстарда мықтыларды анықтады. Жамбылдық дзюдошы Данияр Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ал күні спортшыны жерлестері күтіп алды.
Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар инвесторлардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.
Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің маңайында орналасқан саябақтың хәлі мүшкіл. Бүгінде аумақ тұрғындарының арқа жазатын орны күл қоқыс пен қаңғыбас иттердің мекеніне айналған. Жаздыгүні күн ауып, адам қарасы көбейетін шақта қаңғыбас иттер тобырымен тұрғындардың зәресін алатын көрінеді. Ал, қолқаны қабатын қоқыс иісінен мұнда демалу мүмкін емес. Жасыл желектер уақытында суғарылмағандықтан сарғайып, бүгінгі кейпі көңіл көншітерлік емес. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдап қайтқан әріптесім Мағжан Орынбасар жалғайды.
Бүгінгі аппараттық кеңесте аймақтың жылыту маусымына дайындығы талқыланды. Расында дайындық қай деңгейде жүргізілуде? Жиында облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы баяндама жасады. Айтуынша көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығынан көш бастап тұрғаны Т.Рысқұлов ауданы. Тек ол ауданда 4 қана тұрғын үй бар.Ал,1328 тұрғын үйлі Тараз қаласы 63 пайызға дайын.Толығырақ тілші тарқатады.