15 Ноя 2026, Вс

Жаңалықтар

В ТАРАЗЕ УСТАНОВЛЕН ПАМЯТНИК Д. КУНАЕВУ

В Таразе к 110- летию  выдающегося  государственного и политического деятеля Динмухаммеда  Кунаева установлен памятник.  В торжественной церемонии открытия  приняли участие  министр  информации и общественного развития страны   Аскар Умаров, аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов, президент международного фонда  Кунаева Эльдар Кунаев,  народный артист Казахстана  Асанали Ашимов,  простые граждане областного центра.

ИНФОРМАЦИОННАЯ НАЛОГОВАЯ ПЛОЩАДКА

14 августа – День образования органов государственных доходов РК. В рамках празднования данной даты органы гос. доходов нашего региона в Торговом центре  «Mart» организовали информационную площадку для населения областного центра. Для консультации сходили и мы.

АСҚАР ОМАРОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ

Асқар Омаров жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Министр  Тараз қаласындағы облыстық дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығында болып, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен,БАҚ өкілдерімен жүздесті. Сондай-ақ, сапары аясында шалғай жатқан Мойынқұм ауданына барып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ТАРАЗДА ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

Таразда аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай еңселі ескерткіш бой көтерді.Жиынға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов,ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов,қоғам қайраткері,генарал-лейтенат Амангелді Шабдарбаев және Дінмұхаммед Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті Элдар Қонаев қатысып,ескерткішті салтанатты түрде ашып берді.Толығырақ келесі материалда.

«ҚАЗФОСФАТ» БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫНА 130 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛДІ

Жамбыл облысындағы «Казфосфат» ЖШС Қаратау тау-кен қайта  өңдеу кешеніне қарасты «Жұлдыз» балалар сауықтыру лагерінің 3-маусымы  жабылды. Мұнда соңғы 2 жыл бойы каронавирус індетіне байланысты  қабылдау тоқтап, жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Айта кетейік, жалпы «Казфосфат» биыл балаларға арналған барлық іс-шараларға 130 млн теңге қаржы бөлген.

БІЛІКТІ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

Бүгінде Болат Өтемұратов  қайырымдылық қоры жұмысының  жаңа кезеңі басталған.Көпке белгілі бұл қор сан саладағы түрлі жобалармен отандастарға көмек көрсетіп келеді. Ал биылғы жаңа жоба арқылы Тараз қаласы мен Жамбыл облысының окушыларына арналған Jas Leader Akademilasy бағдарламасына қолдау көрсетуде. Нәтижесінде  қала мен облыстағы 25 мектептен 75 мұғалім 5-11 сынып оқушыларына көшбасшылық касиеттерді дамытуға көмектесетін әдістемелік оқудан өтіп жатыр. Мұндағы басты мақсат-балаларға мектепте оқытылмаған сұранысқа ие дағдылар үйрету.

АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕС АЛАҢЫ

 Биыл қазақстандық кеден мен салық органдарының құрылғанына — 30 жыл.  Кәсіби мерекеге орай Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Mart» сауда орталығында облыс орталығының тұрғындары үшін ақпараттық алаң ұйымдастырды. Мақсаты: шаһар тұрғындарын пайдалы мәліметтермен қамтамасыз етіп, қабылдау өткізу, сауалдарға жауап беру.

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІЛЕР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

Жуалы ауданы әкімдігі пробация қызметі есебіндегі азаматтарға ерекше көңіл бөлуде. Мәселен, жазасын өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуда. Сондай-ақ басқа да әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңес ұйымы 2022 жылдың 7 айында атқарған жұмыс бойынша комиссия отырысын өткізді.Толығырақ тілші тарқатады.

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Мемлекет басшысы  учаскелік инспекторлардың мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеріп, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндік жасау және олардың азаматтарға қолжетімді және беделді болуы керек екеніне ерекше  атап өткен еді. Жұмысын ашық жүргізіп, халықтың сеніміне ие болу әрбір учаскелік полиция инспекторының мақсатына айналғанда ғана жұмыс нәтижесі артып, «Халыққа жақын полиция» қағидаты қоғамда көрініс табары анық.

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАП КЕТТІ

Таразда қаңғыбас иттер қаптады. Көшелерде жүріп көбейген төрт аяқты төбеттерден тұрғындар қорқып қалған.  Көшеде саны көбейіп барады деп алаңдайды. Осыған байланысты ветеринария басқармасының басшысы баспасөз брифингін өткізді. Ол  қараусыз қалған жануар агрессивті болса және адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірсе немесе құтырудың клиникалық белгілері болса, пневматикалық құралмен ұйықтататын дәрілер қолданылатынын жеткізді.