16 Ноя 2026, Пн

Жаңалықтар

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАУСЫМ МАМЫРҒА ДЕЙІН

Тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялар ауырған адамдар саны бойынша бірінші орында.Тұмаумен үнемі күресуге қарамастан, адамзат әлі күнге дейін тұмауды жеңе алмады. Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Жаңа эпидемиологиялық маусым ағымдағы жылдың 1 қазанынан басталып, келесі жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Бұл жайлы баспасөз брифингінде жауапты маман баяндады.

КӨКПАРДАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында орналасқан атшабарда Қырғызстан мен Қазақстанның көкпар ардагерлері арасында жолдастық кездесу өтті.Тартысты бәйгеге 4 команда қатысуға ниет білдірген болатын. Ойында 40-44 және 45-тен жоғары жастағы шабандоздар өнер көрсетті.Толығырақ сюжет сөйлесін.

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА «АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Өскелең ұрпақ үшін архивтер маңызды тарихи оқиғаларды, ұлттық дәстүрлерді, Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қызметін зерделеу бойынша тартылыс орталығына айналуға тиіс.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Балалар жылы аясында еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасын өткізуге мұрындық болды. Жоба бір мезгілде республиканың барлық өңірлерінде бүгін басталды және жыл сайын өткізіледі. Толығырақ тілші тарқатады.

ЗЕНИТШІЛЕРДІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері арасында тактикалық оқу-жаттығу өтті. Бөлімшелер құрамының әскери қызметшілері жауынгерлік техникамен тұрақты орналасу пункттерінен мамандандырылған полигонға марш жасады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 25 БАС ЖЫЛҚЫНЫ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі саласы болып қала береді. Ал ауыл-аймақтарда үй жануарларын ұстау – жалғыз табыс көзі десек те болады. Алайда оңай пайда табуды көздейтіндердің кесірінен кейбір отбасылар қиын жағдайға тап болып жатады. Жалпы Жамбыл облысында мал ұрлығы тыйылар емес. Алайда тәртіп сақшылары қылмыстың бетін ашып, барымташыларды ұстауға атсалысуда. Мәселен,  Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында былтырғы жылы орын алған мал ұрлығы қылмысын ашты. Полицейлер өткен жылғы 15 желтоқсанға қараған түні жалпы құны 11 миллион 550 мың теңгені құрайтын 25 бас жылқыны ұрлаған 52 жастағы Талас ауданы Ақкөл ауылының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жылқыларды Шу ауданы Алға ауылына қарасты жайылымнан жасырын түрде айдап әкеткен. Алайда мал иелері бұл туралы полицияға тек бір жарым ай өткен соң ғана хабарлаған.

КӨРСЕТКІШ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

Бүгінгі тағайындаудан кейін облыс әкімі аппарат кеңесін өткізді. Талқыланған мәселе облыстың 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 9 айдағы болжамдық көрсеткіштер. Алдымен аймақ басшысы 2 айлық сенбіліктің өткен аптадағы жұмыстарын қозғап өтті. Бұл жолы қызметкерлер емес,қызметкерлер тазалаған аумақтың үйілген қоқысын жауапты «Жасыл ел» мекемесі шығармаған. Аймақ басшысы облыс көлеміндегі ат үсті атқарылып жатқан тазалық жұмыстарын сынға алды.Содан кейін күн тәртібіндегі мәселелерге көшті. Толығырақ тілші тарқатады.

ТАНКИСТЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Танкистер күні атап өтілді. Танкистер күні – жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін танкистер мен танк жасаушылардың кәсіби мерекесі. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталығы арқылы екі қолға бір күрек тапқан жандардың саны артып келеді. Оқу ордасын енді ғана тәмәмдап жұмыс іздеп орталық арқылы білдей маман атанып отырған жастар мемлекет тарапынан ұсынылған мол мүмкіндіктерге риза.Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ШЕТЕЛДЕН ӘКЕЛІНГЕН КӨЛІКТЕР ҚАШАН ЗАҢДАСТЫРЫЛАДЫ?

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру міндетін жүктеген болатын. Қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдауда.Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді.Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейтін болады.Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды.