16 Ноя 2026, Пн

Жаңалықтар

ВСТРЕЧА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ НПО

Аким Тараза   Бақытжан Орынбеков встретился с  руководителями НПО. Главная ее цель совместно с  представителями неправительственных организаций  обсудить животрепещущие проблемы, которые город испытывает сегодня.  Подробности в материале. 

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН КҮТІП АЛДЫ

Бүгінде еліміздің атын әлемге паш етіп жүрген азаматтар жетерлік. Солардың қатарында қазақ күресінен Румыниядағы әлем кубогінде топ жарған Марат Нығматуллаев та бар. Спортшы бүгін жеңіспен елге оралды, оны жерлестері мен туған-туыстары бар сән-салтанатымен күтіп алды.

ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Жуалы ауданында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Жай отынан жаратылған намысы» атты облыстық ақындар айтысы өтті.Ұлттық мұраны ұлықтауға аудан әкімдігі қолдау білдірген.Атаулы шарада аймақтың әр ауданынан ат терлетіп келген 24 ақын өнерін ортаға салды. Жыр додасында айтыстың ақ байрағын желбіреткен ақындар әдебиеттің абызын ардақтап,көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Толығырақ тілші тарқатады.

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық әкімдікте облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен жиын өтіп, онда 2022 жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындылары мен күзгі шақырылымдағы міндеттер қаралды. Шараға денсаулық сақтау, жергілікті полиция қызметі, ҰҚК шекара қызметі, Ұлттық ұлан және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері қатысты. Кездесуге аудан әкімдіктері де онлайн арқылы қосылды.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков үкіметтік емес ұйым өкілдерінің жетекшілерімен кездесті. Жиынның негізгі мақсаты қаламыздағы мәселелердің шешімін бірлесіп табу ,халықтың шағымы мен ұсынысына құлақ түру. Толығырақ келесі бейнематериалда.

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ САТЫЛЫП КЕТКЕН

Талас ауданы Қаратау қаласында заңсыз әрекеттер анықталуда. Мәселен, қаланы ауыз сумен қамтып отырған «Игілік» көпсалалы мекемесінің басшылығы 30 км құрайтын су құбырларын заңсыз сатып жіберген. Сондай-ақ, қаланы жылумен қамтитын мекеме тұрғындардан негізсіз төлем алған. Пайдакүнемдерге қандай шара қолданылды? Қолды болған қаржы өндірілді ме? 

ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ «АЙ МЕН АЙШАСЫ» САХНАЛАНАДЫ

Жуалы ауданында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Ай мен Айша»  романы сахналанды. Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығына қарай асыққан жұрттың қатарынан біз де табылдық. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ МАҢЫЗДЫ

Жамбыл облысындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы облыс көлеміндегі отбасыларға, сондай-ақ ата-аналар мен патронаттық отбасыларға әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде көптеген жұмыстар атқаруда. Осылайша, орталық полиция, денсаулық сақтау, әділет және әлеуметтік қорғау органдарымен ведомствоаралық тығыз байланыс орнатқан. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс қиын жағдайдағы балалар мен отбасыларға көмек көрсетудің енгізілген алгоритміне негізделген.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысы өтті.  Жиында оқу ордаларындағы жемқорлық  пен заң бұзушылықтардың тыйылмай жатқаны айтылды. Толығырақ Мағжан Орынбасар баяндайды.

ШАҺАР БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков №6 оруг тұрғындарымен алғашқы кездесуін өткізді. Жиында жаңа әкімге қала тұрғындары шешімін таппай келе жатқан мәселелерін айтты.Жұртты мазалаған мәселенің бірі қаңғыбас иттердің қаптауы.Қала орталығында тұратын халық бұралқылардан көресіні көрдік деп отыр. Жиында одан өзге нендей мәселелер көтерілді? Толығырақ тілші тарқатады.