ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі. Бұл туралы баспасөз алаңында жауапты мамандар баяндады.
Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі. Бұл туралы баспасөз алаңында жауапты мамандар баяндады.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін әлеуметтік-педагогикалық қолдау олардың жетілуінің қажетті бөлігіне айналады. Осылайша, Жамбыл облысындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының мамандары баланың жеке ерекшеліктерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулерінің нәтижелерін ескере отырып, жетім баланың дамуын қолдау жүйесін кәсіби түрде әзірлеп, енгізді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен шаһарамызда «Есірткісіз Қазақстан!» атты жастар акциясы өтті.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Белгілі болғандай, 18 жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша жарамды және кейінге қалдыруға себептері жоқ жасөспірімдер мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады. Қыркүйектің алғашқы күндерінен бастап Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жасөспірімдерді әскерге шақыру жұмыстарын бастады.
Таразда 25-26 қыркүйек күндері БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан «Taraz Cup-2022» ашық турнирі өткен болатын. Күні кеше спорттық сайыс өз мәресіне жетті. Қала күніне орай ұйымдастырылған шараға республикамызыдың түпкір—түпкірінен телевизия саласының жүйріктері қатысып, футбол ойнаған болатын. Ал, енді аяқдоп жарысында нәтижелі өнер көрсеткен командалар марапатталды.
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков қаламыздағы жастармен жүздесті. Басқосуда шаһар басшысы ел ертеңі жастармен еркін форматта пікір алмасты.Жиында жас буын түрлі мәселелерді көтерді.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Kitap time-2022» кітап фестивалін бір мезгілде барлық өңірде өткізу жоспарлануына байланысты өлкеміздің айтыскер ақыны Әзімбек Жанқұлиевтің 60 жылдық мерейтойына орай «Әуезі әсем-Әзімбек» атты еске алу кешін өткізді.
Өңірде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Биыл жолдарды жаңғыртуға 16,2 млрд теңге қарастырылған. Ал күні кеше БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Онда облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының жұмысына шолу жасалды.
Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде қала көлеміндегі жұмыссыздарды тұрақты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Атаулы шараның ұйытқысы болған Тараз қаласы әкімдігінің аппараты және халықты жұмыспен қамту орталығы.Сондай-ақ, шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті де ат салысты.Жәрмеңкеде жұмыссыздарға 300-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Толығырақ тілші тарқатады.
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жер және жылжымайтын мүлік салығы бір мүлікке біріктірілген. Яғни, қазір жер салығы бөлек төленбейді, біртұтас мүлік салығы бойынша есептеліп, төленеді. Ал1 қазанға дейін жеке тұлғалар 2021 жылға мүлік салығын төлеуі қажет. Салық төлемдері бойынша есептелген соманы немесе берешекті қайда тексеру керектігі туралы алдағы бейнематериалда.