https://www.youtube.com/watch?v=aeEGEmxf_iI
По случаю Дня города, среди учащихся 10 классов школ Тараза при организации городского отдела образования была проведена городская интеллектуальная игра «БІЛІМ RING». Подробнее далее.
По случаю Дня города, среди учащихся 10 классов школ Тараза при организации городского отдела образования была проведена городская интеллектуальная игра «БІЛІМ RING». Подробнее далее.
Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында «Шер-Хан» драма-элегиясының премьерасы өтті. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов те көшпілікпен бірге премьераны тамашалады. Толығырақ сюжеттен көріңіз.
Қала күніне орай бүгін «БІЛІМ RING» атты зияткерлік ойыны өтті. Білім додасында 10-сынып оқушылары бақ сынады. Толығырақ алдағы бейнеметариалда.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз қаласындағы штабы «Қылмыстық құқық бұзушылық және жаза» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысын өткізді. Жиынды Шымкент гарнизоны Әскери сотының төрағасы әділет полковнигі Бөрлібай Қайыпов жүргізді. Дөңгелек үстелге Оңтүстік өңірінің әскери прокуроры әділет полковнигі Асқар Байсалбаев, Әскери тергеу басқармасының, Тараз гарнизоны Әскери полиция басқармасының қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің өкілдері, Ұлттық ұлан, сондай-ақ Тараз гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері қатысты.
Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Көшпелі жастар» форумы ұйымдастырылды. Форумға Құмшағал массивінің белсенділері арасынан 30-дан астам студент жиналды. Форум аясында жастарға кеңес беру алаңы, шағын футболдан жарыстар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Таразда самбодан қазақстандық спортшылар мен Еуропа чемпионатының алғашқы әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Қанат Байшолақовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында республикалық самбодан жарыс өтті. 27-29 қыркүйек аралығында өтетін турнирге еліміздің 7 өңірінен 2006-2007 жастар арасындағы 170-ке жуық спортшы қатысуда.
Биыл Қазақстанға 4,3 млнға жуық шетелдік келсе, 4,1 млн кеткен, оның ішінде 1 660 000 Ресей Федерациясының азаматтары. Қазақстанда мигранттардың келуі мен болуы Көші-қон бақылауында,-дейді мамандар. Шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібі заңмен реттеледі. Бірде-бір шетел азаматы көші-қон заңнамасының талаптарын орындамай, мемлекетіміздің аумағында болуға құқығы жоқ. Ал біздің облыстағы ахуал қалай? Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды.
Бүгін ұлт руханиятының абызы, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туған күні. Айтулы күнге орай Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға аймақтың қарымды қаламгерлері мен Шерағаның көз көрген сыныптасы, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары қатысты. Шарада заңғар жазушының шығармаларындағы ұлттық мүддені еншіліген идеясы мен қоғамға жасаған жақсылығы айтылды.Толығырақ тілші тарқатады.
Тәрбиеленушілердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында 12 үйірме жұмыс істейді. Бұл өз жемісін береді. Соңғы 3 жылда түрлі деңгейдегі сайыстарда тәрбиеленушілер 88 рет жүлделі орындарға ие болған.
Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 8-айында жол апатынан 169 адам қайтыс болып, 1606 адам дене жарақаттарын алды. Заңға сәйкес жол апатында зардап шеккенде сақтандыру компанияларымен міндетті төлемдер жүргізіледі. Осыған орай тәртіп сақшылары сақтандыру компаниясына делдалсыз жугiну туралы түсіндірді.