15 Май 2025, Чт

Жаңалықтар

ТАРАЗДА ЖАҢА БИЗНЕС МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Қаншама адамды өзіне телмірткен телефон арқылы қыруар қаражат табуға болады. Бүгінде әлеуметтік желінің дәурені қызу жүріп, оны қолданушылар саны 2,8 миллиардты құрап отыр. Оның ішінде сіз бен біз де бар. Кәсіпке баулитын  бизнес мектебі енді Таразда да бар.

ЖАЙЫЛЫМЫ ЖОҚ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

Жамбыл ауданы, «Бірлесу-Еңбек» ауылындағы жайылым жерінен айырылған халық редакциямыздан көмек сұрап, бас көтерді. Бүгінде бір ауылдың тұрғындары жер үшін жаға жыртысып жатса, ағайындар арасында жанжал даурығып тұр. Жайылымы жоқ шаруа қайтіп күн көруде?!

ЖАМБЫЛДАҒЫ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНЕ КЕЛГЕН АЗАМАТТЫҢ СӘЛЕМДЕМЕСІНЕН КҮДІКТІ ЗАТ ТАБЫЛДЫ

Оқиға Тараздағы түзеу орындарының бірінде орын алған. Адамнан айла артылғанба…Темірдей тәртіп, қатаң қағиданы қатал ұстанатын ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінің ережесін бұзып, заңға томпақ келер әрекетке баратындар азаймай тұр. Соңғы уақытта тыйым салынған заттарды жазасын өтеп жатқан қызметкерлерге  сәлем-сауқат арқылы жіберу белең алған. Үстіміздегі жылдың 10 наурыз күні қызметкерлер кезекті рет қамаудағыларға қысқа мерзімді кездесуге келген азаматтың  сәлем-сауқатын тексеру барысында көңілге күпті, күдікті заттар  көзге ілінді.  5513 әскери бөлім қызметкерлері және мекеменің жедел және  режим бөлімі қызметкерлеріне түскен жедел ақпараттар бойынша сотталған азаматқа кіруге тиісті заттарды жіті тінту кезінде аяқ қиімнің оң жақ бөлігінен ақ түсті 194 дана таблетка, пакетке салынған белгісіз зат және де «ГУТАЛЬНЫ» атты аяқ киім кремінің ішінен қара қоңыр түсті спецификалық иісі бар зат анықталды. Атаулы сәлемдеме Тараз қаласы, Култекен көшесі 15үйде тұратын бұрын сотты болмаған 30.10.1991жылғы азамат К.Д.Н. , ҚР ҚК 191б.2т,  бойынша  сотталған С.Б.Е-ге  жолданыпты.

Осы факт бойынша процессуалдық шешім қабылдау және анықтау үшін Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің  1-полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып азамат К.Д.Н. ары қарай тиісті жазаға тартылу үшін ұсталып табысталды, тәркіленген затты анықтау үшін сот химиялық сараптама тағайындалды.

 

 

 

ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ жауапты қызметкері

 

 

Діни адасушылықты алдын алу туралы топтық кездесу

 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЖД-158/7 мекемесінің теологы әділет аға лейтенанты Н.Желдібаевтың ұйымдастыруымен топтық кездесу өтті. Онда Жамбыл облысы әкімшілігі Дін істер басқармасының теологтары Д.Е. Джакипов және А.К.Құлымбетов және «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы мекемедегі сотталғандармен кездесіп «Неке және отбасы», «Діндегі мәзхаб ұғымы» тақырыбында сотталғандармен ашық сұхбаттасып, кәсіби маманнан мол мағлұмат алу баршаға ерекше әсер сыйлады. Кездесуден сотталғандар имани сусындалып, көкейлерінде жүрген біраз сұрақтар қойып, ұғымды жауаптар алды. Тек мұнымен ғана шектелмей сотталғандарды дәрістен соң жеке сұрақпен қабылдап, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бірер сағатқа созылған сұхбат баршаның көңілінен шықты деуге толық негіз бар, олай деуімізге абақтыда айыбын өтеушілердің тағы да осындай жиындардың көптеп өтуіне сұраныс білдіруі сеп. Кездесудің басты мақсаты- сотталғандардың теріс ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу.

Діни сауатсыздық соңы сан соқтырып, опық жегізуі ықтимал. Онымен күрес жолында қыруар жұмыс, көп күш жұмсалуы тиіс, деседі маман.

 

 

Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінің

теологы  әділет аға лейтенанты Н.Желдібаев

Жалпыға бірдей – декларациялау

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесі бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Құрманалиев Жасұлан Сәкенұлы департаментте өткен жалпыға бірдей декларациялау мәселесіне қатысты жиынға бейнебайланыс арқылы қатысты. Жиынға Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Рыспаев Нияз Қанатұлы, департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Ескеев Бекболат Бөгенбайұлы және Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ғазиз Рахымбердиев қатысты. Ғ. Рахымбердиев жалпыға бірдей декларацияның мақсаты жайында сөз қозғады. Қазақстанда өткен жылдан бастап азаматтардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу басталды. Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты- көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру. Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді, -деді маман өз сөзінде.

 

ЖД-158/7 мекемесінің КСБ бастығы

әділет майоры Ғ.Құлымбетов. 

Тараздағы түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілердің мерекеге орай байқауы

Тараздағы ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында 8-наурыз мерекесіне орай сурет салудан байқау өтті. Байқау барысында өз өнерлерін ортаға салып, өздерінің жүрек қалауымен түрлі бейнелерді, аналарына деген ыстық сағыныштарын қағаз бетіне түсірді. Олардың қылқаламынан туған әр дүниеге қарасаң, көз тоймайды. Жазасын өтеушілер аналарына арнап сурет салып, өлең шумақтарын шығарып, оларды хат арқылы жолдап құттықтады. Байқауға қатысқан жазасын өтеушілерге алғыс хаттар тарту етілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-сотталғандар арасында отбасылық байланысты нығайту, олардың түзелу процесінде ықпал етуге бағытталған тәрбиелік жұмысты жандандыру.

 

ЖД-158/7 мекемесінің САТЖБ бастығы

әділет капитаны М.Құрманқұл 

Жамбылдағы ҚАЖ қызметкерлері жеке кәсіпкерлерді құттықтады

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.С. Құрманалиев және мекеменің сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны А.К. Кубеева, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру тобының бастығы әділет подполковнигі  Аймен Ақылбекқызы Тайтелиеваның жетекшілігімен мекеме аумағында өз өндірісін ашқан жеке кәсіпкерліктердің әйелдер қауымының 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау іс-шарасын өткізді.  Кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтарға мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.С. Құрманалиевтың бұйрығымен Алғыс хаттармен марапатталды. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру тобының бастығы әділет подполковнигі  Аймен Ақылбекқызы Тайтелиеваның айтуынша, жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған.

Қазіргі таңда 12 кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарланған дейді әділет капитаны А.Кубеева.

 

 

ЖД-158/7 мекемесінің СЕҰТ аға инспекторы

әділет капитаны А.К. Кубеева.

Жамбылда түзеу мекемесі қызметкерлері жедел іздестіру барысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты

Ағымдағы жылдың 22-ақпаны күні  Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мен Жамбыл облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың ішкі және қаланың сыртқы аумағында күнделікті қару жарақтар мен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Арай мөлтек ауданында құрылыс үйіндісінің астынан  пакетке оралған 38 /9мм/ дана, 22 /16мм/, 11дана оқ-дәрілері,  1дана жауынгерлік тапанша 17/9мм/ оқ-дәрілерімен және 1дана жеңіл шулы гранатасы табылды. Аталған оқ-дәрілер мен қару-жараққа арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта мөлтек аудандардағы барлық көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері, шатырлары, ауладағы люктер, қараусыз тұрған нысандар және құрылысы жүріп жатқан нысандар тексерілуде.

 

 

ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлім бастығы

әділет майоры

Т. Ж. Искендиров

Мекеме қызметкерлері ауған соғысы ардагеріне құрмет көрсетті

Бүгініңді бүлдіріп қана қоймай, болашағыңа да балта шабатын 10жылға созылған бұл соғыстың аяқталғанына да 33 жыл болыпты. Дәл осы күні, яғни  1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен щыққан күні.

Ардагер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі, ізбасарлары болып қала бермек. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ғ.Б. Тлепов және кадр саясаты тобының бас маманы әділет майоры Ғ.Т. Құлымбетовтың бастамасымен Ауған соғысының ардагері Сағынбайұлы Асылбектің шаңырағына арнайы барды. Кездесуде ҚАЖ қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетіп, жүрекжарды ыстық лебіздерін жеткізіп, соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету ардайым біздің қасиетті парызымыз деп шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

Бұл күн-көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек бауырларымызды да еске алар күн!

Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін-тарихи күн!  Тағдырлы күн!

Тәуелсіз елімізде татулық пен бірлік болсын.

 

 

 

ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ жауапты қызметкері

Түзеу мекемесі қызметкерлері жедел іздестіру барысында оқ-дәрі тапты

Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мен Жамбыл облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың ішкі және қаланың сыртқы аумағында күнделікті қару жарақтар мен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Жамбыл ауданы, Бәйтерек ауылы маңында қараусыз қалған 1 қабатты құрылыстың артқы жағынан 88 дана 5х45 калибрлі оқ-дәрілерін тапты. Табылған оқ-дәрілерге арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Одан бөлек, мөлтек аудандардағы барлық көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері, шатырлары, ауладағы люктер, қараусыз тұрған нысандар және құрылысы жүріп жатқан нысандар тексерілуде.

 

 

 

ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлім бастығы

әділет майоры

Т. Ж. Ескендиров