Сухамбаев көшесі екінші бұрылысындағы 13 үй 1 айдан бері сусыз отыр. Қаланың қақ ортасында тұратын тараздықтар тіршілік нәрінен таршылық көруде. Ашуға булыққан халық бас көтерді. Мұндай мәселенің туындауына не себеп? Айгүл Пралиева тарқатсын.
Жасы 60- тағы жалғызбасты ана редакциямыздан көмек сұрады. Үш баланың анасы бүгінде денсаулығының жарамсыздығына байланысты жұмыссыз отыр. Зейнет жасына жетпеген Гүлшат бүгінде қызы, немересімен тар үйді паналауға мәжбүр. Жалғызбасты анамен әріптесім Айгүл Пралиева кездесіп қайтты. Толығырақ келесі сюжетте
«Қоғамдық келісім» үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Саяси реформа жағдайында ҚХА жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары» атты XXV сессиясы өтті. Оған өңір басшысы, облыстық Ассамблеяның ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және т.б-ы қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
Жамбыл облысында жыл басынан бері 10 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысымен 23 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бұл туралы баспасөз алаңында Жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов айтты.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен бірлесіп жеті апталық отбасылық даму марафонын бастады. Бұл шара отбасы құндылықтарын қалыптастырып, нығайтуды мақсат етеді. Бұл туралы баспасөз брифингінде басқарма басшысы Бейқұт Жамангөзов баяндады.
Облыста тәж тажалының тырнағына іліккендер саны 26 936- ғе жетті. Пневмонияның 8661 жағдайы тіркеліп, аурушаңдылық көрсеткіші 2340,2 пайызды құрады. Бұл туралы өңірдегі бас ғимаратта айтылды. Одан өзге мал жайылымы және қолдан ұрықтандыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасының іске асырылуы барысы да сараланды.
Тараз қаласындағы «Good Look Сауда үйі» ЖШС жем шығару өндірісі «GOODZHEM» тауарлы маркасымен жылқының, мүйізді ірі қара малдың, ұсақ малдың, құстардың құрама жемдерін өндіреді. 2017 жылдың 1желтоқсанынан іске қосылған өндіріс орны бүгінгі таңда өзінің тауарлық брендін қалыптастырған өндіріс орны бір жарым мыңнан астам жемнің түрімен облыс көлемін ғана емес еліміз бен алыс-жақын шет елдердің де ауылшаруашылық салаларын қамтамасыз етіп отыр.
Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен «Көне-Тараз» қоғамдық қоры тарапынан белгілі жазушы, журналист Шерхан Мұртазаның ескерткішін, яғни көркем сәулеттік-мүсіндік композициясын жасау бойынша 2022 жылдың мамыр айында республикалық байқау жарияланған болатын.