18 Сен 2025, Чт

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ ДӘСТҮРЛІ КӨРМЕ КОНКУРСЫ ӨТТІ

Таразда «Қазақстанның үздік тауары» дәстүрлі көрме-конкурсының аймақтық кезеңі өтті. Оған өңірден 80-нен астам өндіруші қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Алк көрме жеңімпаздарын тұтынушы қарапайым халықтың өзі айқындайтын болады.

ОБЛЫС ӘКІМІ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысының әкімі өңірдегі әскер әйелдермен кездесті. Басқосуда кәсіпкер әйелдер проблемаларын жіпке тізіп, ұсыныс-талаптарын жеткізді. Жиынға Жамбыл облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры, облыс әкімдігінің салалық басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ШАРАЛАРЫ

Облыста 7146 жас екі қолға бір күрек таппай жүр. Шаһарда жұмыссыз жүрген жастар жұмысқа тез орналасып кетуі үшін Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Бүгінде бұл бағытта ілкімді жұмыстар атқарылып келеді. Жұмысқа тартудың белсенді шараларымен таныссыз ба? Ендеше, келесі сюжетке зер салыңыз.

«АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Мемлекет басшысының өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін мораторий қолдану кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін 2021 жылғы 20 қазаннан бастап «Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет» акциясын қайта бастады.

ТІРШІЛІК НӘРІНСІЗ, ЖАРЫҚСЫЗ ТІРШІЛІК ЕТУДЕ

№ 47 округтегі Асанбай Асқаров көшесінің тұрғындары түнде жарықсыз, күндіз сусыз күн кешуде. Айтуларынша, су жүйесі бұрын-соңды жүргізілмеген. Қалада тұрса да жағдайы ауылдағы ағайыннан әзер тұрғындар құдық суымен күнелтуде. Ал жарық бағаналары өткен ғасырда қалып кеткен дерсіз. Тозығы әбден жеткен. Қуаты төмен токтың кесіренен техникалары бүлініп, әзер де безер болған халық арнамыздан көмек сұрады. Жол мәселесі де жетім баладай назарсыз. Әріптесім Мағжан Орынбасар бұқара базынасын тарқатып айтып береді.

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты.Салтанатты кеште қауіпсіздік сақшыларының ерлік істері көпке үлгі болып, үздік қызметкерлер марапатталды.

ЖАС МАМАНДАРҒА ДИПЛОМ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық Тараз инновациялық институтының бітіруші түлектерге арналған «Диплом тапсыру-2022» салтанатты кешке қатысты.Аймақ басшысы түлектерді маңызды сәтпен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

«TALQYLAU» ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қоғамның түйткілді мәселелердің бірі- жайылым жердің жетіспеушілігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жайылым жерлерді мемлекетке  қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын.Бұл мәселені шешуге «Amanat» партиясы кірісіп, «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Осы орайда «Talqylau» қоғамдық диалог алаңы өтті. Ашық диалог алаңында тағы қандай мәселелер көтерілді? Сюжет көріңіз.

ЖАМБЫЛДА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

 

Жыл басынан бері өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда Жамбыл облыс бойынша алғаш анықталған туберкулез ауруы 234 жағдайдан 223 жағдайға төмендеді, оның ішінде тыныс алу органдары туберкулезі 215-тен 192-ге кеміді. 14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанушылығы 9 жағдайға, жасөспірімдер арасында 10 жағдайға азайды.Бұл туралы баспасөз алаңында аймақтағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары айтты.