2 Май 2025, Пт

Жаңалықтар

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ШЕРУІ ТАРАЗҒА КЕЛДІ

«Еуропа — Азия»  халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Әулиеата өңіріне табан тіреді. Бірінші кезеңнің бастапқы нүктесі еліміздің астанасы болды. Шеруге 30-ға жуық адам қатысты.Облыс орталығына кіре берістегі қақпада қарсы алды, 25 мотоцикл және 25 жеңіл көліктен тұратын «мемлекеттік тулар» шеруі алдымен Тараз»тарихи-этномәдени кешеніне барды.

 

СЕНАТ ДЕПУТАТЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты  Бекболат Орынбеков Жамбыл облысына жұмыс сапармен келді. Бірінші күні Тараз қаласындағы бірнеше нысанды аралап, жұмыс барысымен танысқан депутаттың өңірдегі сапары бірнеше күнге жалғасады. Халық қалаулысы алғашқы сапарын Айша бибі көшесіндегі көпір мен айналма жол мәселесінің жағдайымен танысудан бастады. Бекболат Серікбекұлының облысқа келгендегі мақсаты қандай? Толығырақ келесі бейнесюжетте.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Бобохонзода Арабшах Равшанмен кездесті.Кездесу барысында Тәжікстан мен облысымыздың арасындағы сауда-экономикалық және рухани, мәдени байланыстар, инвестициялық даму перспективалары сөз болды.

ТАРАЗДА 80 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Бүгін 15-20 жылдар бойы кезекте тұрған тараздықтардың бір тобы баспаналы болды.  15-ші шағын аудандағы 80 пәтерлі тұрғын үйлердің кілті түрлі санаттағы жандарға табысталды. Көпбалалы отбасылар, әлеуемттік осал таптағылар мен мемлекеттік қызметшілер де жаңа пәтерге қол жеткізді. Қоныс тойын тойлаушылармен әріптесім Айгүл Пралиева тілдесіп қайтты. Сюжет көріңіз.

ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ТИІМСІЗ ШЫҒЫСТАРЫ АЗАЯР ЕМЕС

Бүгін Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясында халық қалаулылары бюджет қаражатын тиімді пайдалану қажеттілігін талқылады. Бірінші кезекте бөлінген қаражатты ең өзекті мәселелерді шешуге бағыттау керектігі де айтылды. Толығырақ келесі материалда.

«БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ҚАНДАЙ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап,оларды қорғау үшін денсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керектегін айтып,тапсырма берді.Өйткені бүгінгі таңда көптеген жасөспірімдер мемлекет тарапынан қамқорлыққа зәру.Осы мәселе бойынша қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЙЛЫ САБАҚ АЛДЫ

 

Дін жаратылысқа сай бір тұтастылығымен адамзат тарихымен бірге бастау алады. Дін тарихтың барлық кезеңінде адамзатпен бірге жасап, бірге жалғасып, өзіндік әдет-ғұрыптарының қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Дәстүрге келер болсақ, әрбір мемлекеттің, халықтың өзіне тән дәстүрі бар.
Дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жазасын өтеушілерге діни сауат пен салт-дәстүрді терең үйрету және бойына сіңіру мақсатында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Әбу Бәкір әс-Сыддық мешітінің имамы Қасымжан Бектаев «Дін мен дәстүр ұлттық құндылық негізі » тақырыбында жазасын өтеушілерге сабақ өтті. Өткізілген сабақты қорытындылау мақсатында сотталғандар арасында сұрақ-жауаптармен пікірталас жүргізілді.
Ұйымдастырған ЖД-158/7 мекемесінің теологы әділет капитаны Н. Желдібаев.

 

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Облыс прокуратурасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кәсіпкерлер жиі қиындықтарға тап болатынын айтып,жекелеген салалық бағыт бойынша сұрақтарын жаудырды. Жиынға облыс әкімі де қатысты.

ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Олар асқақ арман мен биік мақсатты ұштастырып үлкен өмірге қадам басты.Төрт жыл бойы білім нәрімен сусындаған түлектер еңбегінің жемісін көруге асық. Игі шараға аймақ басшысы да арнайы қатысты.

ӨҢІР БАСШЫСЫ ЖАЙЫЛЫМ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН СЫНҒА АЛДЫ

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірде жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету, ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру, мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Жиынға бейнеконференция байланысы режимінде аудан әкімдері де қатысты.