7 Июн 2025, Сб

Жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жамбылдық  жігерлі  жастардың алдағы жылға жоспарлары көп. Бүгінгі  кездесуде облыс әкімі  Нұржан Нұржігітовке  жастар ұсыныс-тілектерін жеткізді.Осылайша, жастардың  ұсыныстарын мұқят тыңдап, емен-жарқын пікір алысқан аймақ басшысы,  жасалуы тиіс жұмыстарды саралап, нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Тұшымды идеяларға қолдау көрсетілетінін айтты. 

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ

Бүгін Жамбыл облысының темір жол саласына еңбек сіңірген Қырғызбай Ыбырайымұлына ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты ашылу рәсіміне жақындары мен үзеңгілес достары,  ұжымдастары қатысты. Айта кету керек, тақта  Қырғызбай Ыбырайымұлының 30 жыл қызмет еткен мекемесіне орнатылды.

ВИЦЕ-МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Еркебұлан Дауылбаев бірқатар нысандарға ат басын бұрып, тұрғын үй алқаптарын аралады.  Сондай ақ облыстық әкімдікте қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Толығырақ тілші тарқатады.

АТА КӘСІП-ЕЛГЕ НӘСІП

Еліміздегі ауылшаруашылық өндірісінің маңызды саласы мал шаруашылығы ежелден қазақтың дәстүрлі кәсібі ретінде дамып келе жатыр. Әдетте мал шаруашылығын өркендетуде шешімін табатын шаруа көп қырлы болып келеді. Бұл ретте  «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» жобасы өз жемісін беруде. Бүгінде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы несие алып, ауыл шаруашылығын дамытып жатқандар бар. Ата кәсіпті қолға алып, мал шаруашылығына бет бұрған жанмен біз де тілдесіп қайттық. Сюжет көріңіз.

ПРОЕКТЫ, ПОВЫШАЮЩИЕ ПОТЕНЦИАЛ ЭКОНОМИКИ РАЙОНА

Аким Меркенского района отчитался  о социально-экономическом  развитии          Меркенского района за 6 месяцев. По итогам первого полугодия план доходов районного бюджета составил 113 % . Объем инвестиций в основной капитал по району за январь-июнь 2022 года  к соответствующему периоду 2021 года составил 100,6%. Подробнее в следующем материале.

ДЕТИ СТРЕМЯТСЯ ЗНАТЬ АНГЛИЙСКИЙ

Существует распространенное мнение, согласно которому лето не самый подходящий период для получения дополнительного образования. Мол, это сезон каникул, когда можно забыть обо всех заботах, а значит, учеба в это время года будет малоэффективна. Однако как показывает практика, получение дополнительного образования является наиболее приятным и полезным именно в теплый период года.

УСПЕШНЫЙ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬ ИЗ ЖУАЛЫ

В Жамбылской области  проект по повышению доходов населения и улучшения уровня их жизни находит все  большее применение . Через «социально-предпринимательскую корпорацию «Тараз» люди  получают кредиты, развивают сельское хозяйство, находя таким образом  свое призвание.  Не отстают в этом отношении и жители  Жуалынского района. Не упускают возможности, предоставленные государством, они на собственном опыте становятся предпринимателями.  

БАЛАЛАР ШЕТ ТІЛІН БІЛУГЕ ТАЛПЫНАДЫ

Ағылшын тілін үйрену-заман талабы. Бүгінде шет тілін меңгергісі келетін жастардың көбейгені қуантады. Ал Таразда қосымша білім беретін үйірмелер жеткілікті. Мәселен, жақында ашылған «Оқушылар сарайында» жеткіншектер шет тілін тегін оқи алады.  Бастысы- бала да, ата-ана да дән риза.

АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР

Меркі ауданының әкімі баспасөз брифингінде 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен аудандық бюджеттің кірістер жоспары 113 %-ға орындалған.Сондай-ақ,   аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция  көлемі 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,6 % құраған . Толығырақ тілші материалында.

ТАБЫСТЫ КӘСІПКЕР

«Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» жобасы жалғасуда. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы несие алып, ауыл шаруашылығын дамытып, кәсібінен нәсібін тауып жатқандар қатары артып келеді. Жуалы ауданының жұрты да мемлекет ұсынған мүмкіндікті мүлт жібермей, бүгінде ауылдың қарапайым азаматынан кәсіпкерге айналуда.