Жамбыл облысындағы «Казфосфат» ЖШС Қаратау тау-кен қайта өңдеу кешеніне қарасты «Жұлдыз» балалар сауықтыру лагерінің 3-маусымы жабылды. Мұнда соңғы 2 жыл бойы каронавирус індетіне байланысты қабылдау тоқтап, жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Айта кетейік, жалпы «Казфосфат» биыл балаларға арналған барлық іс-шараларға 130 млн теңге қаржы бөлген.
Бүгінде Болат Өтемұратов қайырымдылық қоры жұмысының жаңа кезеңі басталған.Көпке белгілі бұл қор сан саладағы түрлі жобалармен отандастарға көмек көрсетіп келеді. Ал биылғы жаңа жоба арқылы Тараз қаласы мен Жамбыл облысының окушыларына арналған Jas Leader Akademilasy бағдарламасына қолдау көрсетуде. Нәтижесінде қала мен облыстағы 25 мектептен 75 мұғалім 5-11 сынып оқушыларына көшбасшылық касиеттерді дамытуға көмектесетін әдістемелік оқудан өтіп жатыр. Мұндағы басты мақсат-балаларға мектепте оқытылмаған сұранысқа ие дағдылар үйрету.
Биыл қазақстандық кеден мен салық органдарының құрылғанына — 30 жыл. Кәсіби мерекеге орай Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Mart» сауда орталығында облыс орталығының тұрғындары үшін ақпараттық алаң ұйымдастырды. Мақсаты: шаһар тұрғындарын пайдалы мәліметтермен қамтамасыз етіп, қабылдау өткізу, сауалдарға жауап беру.
Жуалы ауданы әкімдігі пробация қызметі есебіндегі азаматтарға ерекше көңіл бөлуде. Мәселен, жазасын өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуда. Сондай-ақ басқа да әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңес ұйымы 2022 жылдың 7 айында атқарған жұмыс бойынша комиссия отырысын өткізді.Толығырақ тілші тарқатады.
Мемлекет басшысы учаскелік инспекторлардың мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеріп, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндік жасау және олардың азаматтарға қолжетімді және беделді болуы керек екеніне ерекше атап өткен еді. Жұмысын ашық жүргізіп, халықтың сеніміне ие болу әрбір учаскелік полиция инспекторының мақсатына айналғанда ғана жұмыс нәтижесі артып, «Халыққа жақын полиция» қағидаты қоғамда көрініс табары анық.
Таразда қаңғыбас иттер қаптады. Көшелерде жүріп көбейген төрт аяқты төбеттерден тұрғындар қорқып қалған. Көшеде саны көбейіп барады деп алаңдайды. Осыған байланысты ветеринария басқармасының басшысы баспасөз брифингін өткізді. Ол қараусыз қалған жануар агрессивті болса және адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірсе немесе құтырудың клиникалық белгілері болса, пневматикалық құралмен ұйықтататын дәрілер қолданылатынын жеткізді.
Мектеп демалысы да жаз мезгілі сияқты қызу өтуде. Жыл сайын Тараз қаласындағы мектептен тыс білім беру мекемелері жазғы уақытта балалардың уақытын тиімді өткізу үшін ауқымды бағдарлама дайындайды.Олардың қатарында жақында ғана ашылған «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы да бар. Онда 28 түрлі үйірме жұмыс жасап тұр. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Жамбыл облысына, Қазақстанның оңтүстігіне, «АрМИ-2022» халықаралық ойындарына қатысу үшін шетелден бірінші командалар келді. Мұнда Гвардейск гарнизонының полигонында «Артиллериялық атыс шеберлері» байқауы өтеді, оған тоғыз команда қатысады. Байқау 13-23 тамыз аралығында өтеді. Толығырақ келесі материалда.
По закону каждый казахстанец имеет право на свободу труда, свободный выбор рода деятельности и профессии. В этом направлении служба пробации Жуалынского района организовали ярмарку-вакансий для бывших осужденных, состоящих на их учете. Сотрудники службы также отчитались о проделанной работе за 7 месяцев 2022 года. Подробнее в материале.
Как неоднократно подчеркивал глава государства — необходимо законодательно повысить статус участковых инспекторов, создать им возможности для продуктивной работы и сделать их доступными людям. Только когда их работа станет открытой и честной и принципиальной они смогут завоевать доверие населения, и воистину стать «полицией, близкой к народу» .