Қазақстан Республикасы Президенті қол қойған жаңа заң күшіне енді. Бұл заң есірткі қылмыстары үшін жазалау жүйесіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізеді. Негізгі жаңалық ретінде есірткіні жасырын түрде тарататындарға қатысты жауапкершілікті жеңілдету және бір мезгілде есірткі зертханалары мен есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын интернет-дүкендердің ұйымдастырушыларына қатысты шараларды қатайту болып табылады. Толығырақ өзекті мәселе жайлы әріптесім Қарақат Пәрімбек тарқатып айтсын!
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен интернеттің дамуы көптеген мүмкіндіктер ашып берді. Бірақ, өкінішке орай, бұл жаңашылдықтар алаяқтардың да әрекетін жеңілдетті. Интернет алаяқтары күн өткен сайын жаңа әдістермен адамдарды алдап, олардың ақшасын жымқыруда. Дәл осы өзекті мәселені алдағы сюжетте әріптесім тарқатып айтады.
Бүгінде Білікөл ауылдық округінің аумағында, Қарабастау ауылының маңында дала өрті кезіндегі төтенше қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Жиында бекітілген сценарий бойынша сағат 09:40-та шартты түрде құрғақ шөптің жануы тіркелді. Жедел түрде хабарлау және күштер мен құралдарды жұмылдырудың барлық қарастырылған алгоритмдері іске қосылды.Толығырақ алдағы сюжетте!
23 сәуір – Ұлттық кітап күні Жамбыл ауданында да кең көлемде аталып өтті. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйытқы болуымен Аса ауылдағы «Ардагерлер аллеясында» өтті. Сонымен қатар жамбылдық кітапханашылар Тараз қаласында ««Кітап әлемі-ғажап әлем» biblio arbat өткізді.
Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басқаруымен командалық-штабтық мобилизациялық оқу-жаттығу өтті. Іс-шараға Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев жетекшілік етті.Бұл жолы оқу-жаттығуға алғаш рет жергілікті атқарушы органдар да тартылды. Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Астана және Шымкент қалаларының әкімдік өкілдері қатысты.Оқу-жаттығудың барысын Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бақылап, іс-қимылдардың үйлесімділігін жоғары бағалады.
Өңірде облыс прокуратурасының бастамасымен инвесторлар мен бизнес құқықтарын қорғау форумы өтті. Кездесуге облыс әкімі, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері және инвесторлар қатысты. Форум 2024 жылдың жұмысын қорытындылауға және кәсіпкерлердің кездесетін өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды платформа болды. Сондай-ақ, ол бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы конструктивті диалогты нығайтуға, жаңа бастамалар мен шешімдерге ықпал етті.
По инициативе акима области Ербола Карашукеева текущий год был объявлен «Годом книги». В связи с этим, в общеобразовательной школе №1 Меркенского района совместно с районным отделом образования и молодежным ресурсным центром была организована интеллектуальная игра «Ойтаным». Мероприятие было направлено на повышение достижений в сфере образования и стимулирование интереса учащихся к чтению. Подробнее смотрите далее!
Сегодня состоялась внеочередная сессия Жамбылского облмаслиха, в ходе которой были рассмотрены два важных вопроса повестки дня. Первое это предложения о присвоении названий отдельным частям города Тараза. Второе — вопрос об утверждении областной программы развития экологической культуры на 2024-2029 годы в рамках экологической акции «Чистый Казахстан». Подробности в следующем сюжете.
В селе Карасай батыр состоялось долгожданное событие – открытие современного физкультурно-оздоровительного комплекса. Новый объект предназначен для профессионалов и любителей спорта и предоставляет широкие возможности для занятий различными дисциплинами.