18 Сен 2025, Чт

Жаңалықтар

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ВЕТЕРИНАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ОБСУДИЛИ В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

Выездное заседание Аграрного комитета Мажилиса Парламента РК прошло в Жамбылской области.В нем приняли участие депутаты, вице-министр сельского хозяйства Амангалий Бердалин, руководители территориальных инспекций и управлений ветеринарии. В рамках заседания были рассмотрены вопросы цифровизации ветеринарной сферы, прослеживаемости продукции от фермы до прилавка, исполнения индикативных показателей по строительству ветеринарных пунктов, скотомогильников и убойных площадок.

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАРЫ» СПАРТАКИАДАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері арасындағы спартакиада мәресіне жетті. Екі күн бойы Тараз қалалық «Ұлан» стадионы мен қала мектептерінің алаңдарында тартысты спорт бәсекелері қызу жалғасты. Көпшіліктің қызығып ойнайтын спорт түрі – кіші футболдан финалдық кездесуде байзақтық аяқдопшылар мен шулықтар өзара мықтыны анықтады.

ҚОЛБАСШЫ ҚОЙГЕЛДІНІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жамбыл облысында Қолбасшы Қойгелдіні еске алуға арналған қазақ күресінен жас палуандар арасында жыл сайынғы «қазақ күресі» республикалық турнирі өтті. Дәстүрлі жарысқа  еліміздің әр өңірінен 20-дан астам команда, 393 адам қатысты. Бұл Қазақстан жастарының ұлттық спортқа деген қызығушылықтарының жоғары екенін көрсетті. Турнир 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өтті. Биылғы сайысқа елге белгілі спортшылар мен танымал тұлғалар да арнайы қонақ ретінде қатысты.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА АТ САЛЫСТЫ

Таразда қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша көктемгі екі айлық қорытындысы шығарылды. Соңғы кезең ауқымды сенбілік болды, оның барысында Ниеткалиев көшесін, Талас өзенінің бойын және Президенттік саябақтың аумағын тазалауға ерекше назар аударылды.

ОБЛЫСТА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КОМИТЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Су шаруашылығы және ветеринария саласының өзекті мәселелері қаралған Комитеттің көшпелі отырысы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің, бірқатар министрліктер өкілдерінің, шаруа қожалықтары, сондай-ақ салалық бірлестіктердің қатысуымен өтті.

ОБЛЫС ӘКІМІ ВЕТЕРИНАРЛАРҒА 50 ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Байзақ ауданының қосақ ауылында Жамбыл облысының ветеринариялық қызметін қолдауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Өңір басшысы 50 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін ветеринариялық дәрігерлерге тапсырды. Бұл саланың материалдық-техникалық базасын нығайтудағы маңызды қадам болды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген ветеринарлық мамандар қатысты.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жамбыл облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық комитетінің көшпелі отырысы өтті. Оған депутаттар, ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин, аумақтық инспекциялар мен ветеринария басқармаларының басшылары қатысты. Отырыс шеңберінде ветеринариялық саланы цифрландыру, ветеринариялық пункттер мәселелері қаралды.

ЖАЗҒЫ МАУСЫМ ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Тараз қаласында жазғы маусым қарсаңында қауіпсіздікке бағытталған профилактикалық флешмоб ұйымдастырылды Іс-шараны Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Тараз қаласы ТЖ басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізді. Акцияға құтқарушылар, еріктілер, мектеп оқушылары мен қала тұрғындары белсенді қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы ведомствоаралық кеңестің отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы жергілікті бастамаларды қолдау және әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды дамыту болды. Қатысушылардың назарында ауылдық аймақтарды дамыту және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жобалар болды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін Жамбыл облысы Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, талантты жазушы және шынайы патриот – Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған салтанатты шаралардың орталығына айналды. Оның есімі – Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылған.