Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде ардагерлер мен зейнеткерлерге қолдау көрсетуге бағытталған “Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы өз жұмысын жоғарғы деңгейде атқарып , халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Түркістан қаласындағы «Болашақ» колледжінде дәстүрлі диплом табыстау кеші өтті. Салтанатты шараға колледж басшылығы, оқытушылар, ата-аналар мен бітіруші түлектер қатысты. Биыл оқу орнын 250-ден астам түлек тәмамдап, арман жолына аттанды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Созақтан Түркістанға» этноэкспедициясы сәтті аяқталды. Жоба аясында жастар өңірдің тарихи-мәдени нысандарын аралап, рухани мұрамен танысты. Бұл сапар — ұлтаралық татулықты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама ретінде жоғары бағаланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға қолдау көрсету жалғасуда. Аймақтағы барлық аудан, қалаларда 17 «Отбасын қолдау орталығы» жұмыс істейді. Биыл жыл басынан бері бұл орталықтарға 4 мыңнан астам азамат жүгініп, түрлі қызмет түрлерін алған.
Түркістан қаласында «Smart City» жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімдігінде өткен алқалы жиында «Ақылды қала» бастамасының орындалу барысы талқыланды. Түркістан қаласы бүгінде 19 бағыттың 11-ін сәтті жүзеге асырып, республика бойынша 12-орынға тұрақтаған.
Түркістан қаласында кітапхана саласы қызметкерлері арасында «Үздік жұмысшы маман» атты облыстық байқау өтті. Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылды.
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «100 кітап» ұлттық сауалнамасы аясында «Кітаппен – бір күн» атты әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Түркістан қаласында «Амфитеатр» кешенінде ұлттық рухты ұлықтаған ерекше мереке — «Домбыра – дастан» атты мәдени іс-шара өтті. Ұлттық Домбыра күніне орай ұйымдастырылған кеште көрермен қазақ күйінің киесін сезініп, өнердің ұлы мұрасына тағы бір мәрте көз жеткізді. Шараға облыстық мәдениет басқармасы өкілдері мен өнер ұжымдары белсене қатысты.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде дәстүрлі түрде өтетін «Ақ жол, Ясауи түлегі – 2025» атты салтанатты марапаттау кеші өтті. Аталған шарада үздік және белсенді бітіруші түлектерге диплом табысталды.
Түркістан қаласында этнос өкілдері арасында «Үкілі домбыра» атты байқау өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылды. Байқауға өңірдің түрлі аудандарынан келген дарынды өнерпаздар қатысты.