15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

МЕЙІРІМ ОРТАЛЫҒЫ – ҚАМҚОРЛЫҚ МЕКЕНІ

Шардара ауданында әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға арналған игі бастамалар нақты іспен жалғасуда. Соның жарқын дәлелі – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Мейірім» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. Аталмыш мекеме аудан әкімінің қаулысы негізінде коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде құрылып, бүгінде қоғамның әлжуаз тобы саналатын азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп келеді.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАР – БАСТЫ НАЗАРДА

Шардара ауданында мүгедектігі бар адамдарды қоғамға бейімдеу бойынша нақты жұмыстар қолға алынған. Бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, күнделікті тұрмысын жеңілдетуге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беруге негізделген.

ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ – ТЕҢ МҮМКІНДІККЕ БАСТАР ЖОЛ

Шардара ауданында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік өмірге белсенді араласуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта қолға алынған маңызды бастамалардың бірі – инва-такси қызметі.

«ҚАСИЕТ» ОРТАЛЫҒЫ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛІГІСІ

Шардара ауданында мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған ерекше мекемелердің бірі – «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. Бұл – жай ғана мекеме емес, бұл – мүгедектігі бар жандардың өмірге деген құлшынысын оятып, бос уақытын мазмұнды, мәнді өткізуіне жағдай жасайтын рухани кеңістік.

ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖҮРЕКПЕН АТҚАРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТІ

Келес ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Солардың бірі – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы». Бұл мекеме әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдарға көмек көрсетіп қана қоймай, олардың өмір сүру сапасын арттыруды мақсат етеді.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

Келес ауданында мүгедектігі бар азаматтар, егде жастағы адамдар мен әлеуметтік тұрғыдан осал топтар үшін қолайлы жағдай жасау бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл бағыттағы негізгі міндеттерді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚЫЛЫ КӘСІП БАСТАҒАН АНА ТАБЫСҚА ЖЕТУДЕ

Келес ауданында мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға бағытталған қайтарымсыз мемлекеттік гранттар нәтижесін беруде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылатын бұл мүмкіндіктер көптеген жандардың өз ісін бастауына жол ашып отыр.

ЖҰМЫСҚА ТАРТУ АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛЕНІП ЖАТЫР

Келес ауданында мүгедектігі бар жандарды қолдауға ерекше мән берілуде. Бұл бағытта Келес аудандық мансап орталығы арқылы жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Аталған орталық азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, табыс табуына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін бірқатар қолдау шараларын ұсынады.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Келес ауданында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұл бағытта Келес аудандық мансап орталығының атқарып жатқан жұмысы ауқымды. Мақсат — еңбекке қабілетті жандардың қоғамға бейімделуіне, өз орнын табуына жағдай жасау. Осыған орай, түрлі сала бойынша квоталық негізде бос жұмыс орындары ұсынылып, азаматтар тұрақты жұмысқа орналасуда.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары жалғасуда. Сарыағаш ауданында да әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға арнайы жәрдемақы тағайындалып, әлеуметтік көмек жүйелі түрде көрсетіліп келеді.Жалғызбасты, жүрек ақауына байланысты мүгедектігі бар қарт кісі – сондай көмекті тұрақты түрде алып отырған жандардың бірі.