Түркістан жаңалықтары
ГРАНТ БӘСЕКЕСІ ҚАЙ БАҒЫТТА ЖОҒАРЫ?
Мектеппен қоштасқан түлектер үшін жауапты кезең басталды. Қазір олар болашақ мамандығын таңдап, грант конкурсына дайындалуда. Биыл да жастар арасында сұранысқа ие бағыттар аз емес. Ал талапкерлер қай салаларға басымдық беріп отыр? Алдағы бейнесюжеттен көріңіз
ҮКІЛІ ДОМБЫРА ҮНІ ТҮРКІСТАНДА ЖАҢҒЫРДЫ
Қазақтың төл өнерін дәріптеген жастар Түркістанда бас қосты. «Үкілі домбыра» республикалық байқауында қатысушылар ән, күй және терме жанрлары бойынша өнер көрсетті.
НЕСИЕ АЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Қаржылық тұрақтылық – әрбір отбасының әл-ауқатына әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан несие беру тәртібіндегі кез келген өзгеріс қоғам назарынан тыс қалмайды.Жаңа талаптар азаматтардың төлем қабілетін нақты бағалауға бағытталғанымен, бұл өзгерістерге қатысты тұрғындардың пікірі әртүрлі.Толығырақ,әріптесім,баяндасын.
КҮЙ КҮМБІРІ ТӨРДЕН ТӨГІЛДІ
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».Ұлттық домбыра күні аясында өткен бұл байқау дәстүрлі өнердің өміршеңдігін дәріптеп, жас күйшілердің шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берді. Толығырақ әріптесім,Зухра Алиасқар баяндасын.
