ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өнеркәсіптік кәсіпорындарға, төтенше жағдай департаментіне барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысты.
2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар» жылы. Ел экономикасының дамуы мен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы білікті мамандарға тікелей байланысты. Алайда, бүгінгі таңда автожол саласында кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Елімізде тігінші мамандарға сұраныс күн санап артып келеді. Әсіресе, жеңіл өнеркәсіп саласы қарқынды дамып жатқан үшінші мегаполисте бұл мамандық иелеріне мол мүмкіндік бар. Ал бүгінде оқу орындарында дуальді оқыту жүйесі қарқын алып жатыр. Бұл арқылы жастар білім алып қана қоймай, тәжірибе жинақтай алады. Бағдарламаның ерекшелігі қандай? Әріптесім толықтырады.
Білім – ұлт болашағының негізі. Ал, сапалы білім беру үшін үздік тәжірибе алмасу, өзара ынтымақтастық орнату – уақыт талабы. Осы мақсатта Шымкент пен Алматы қаласының білім мекемелері екіжақты меморандумға қол қойды. Толығырақ әріптесім тарқатады.
Шымкентте көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары басталды. Құтқарушылар су деңгейін бақылауға алып, тасқын қаупін азайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Қазақ сахнасы қырғыз әдебиетінің жауһарымен толықты. Шыңғыс Айтматовтың жүрек тебірентер туындысы-«Қызыл орамалды Шынарым» драмасы алғаш рет Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында көрерменге жол тартты. Айтматов әлемінің сиқыры мен Талғат Теменовтің шеберлігі үндескен ерекше қойылым шымкенттік көрерменнің жүрегін жаулап, өнерсүйер қауымға ұмытылмас әсер сыйлады.
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Аталған жиын бизнес өкілдерінің заңды құқықтарын қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр
Қаратау ауданының инфрақұрылымы жылдан-жылға жақсарып келеді. Ауданды 100% электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов баяндады.