Шымкент қаласында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай “Мархабат” журналы мен Мархабат.кз ақпараттық порталының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен зиялы қауым өкілдері мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артты. Атап айтқанда, бала күтіміне байланысты төлемдер 6,5, ал зейнетақы мөлшері 8,5 пайызға өсті. Мамандар бұл реформалар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Елімізде 36 энергия өндіруші ұйым электр энергиясының шекті тарифтерін түзету бойынша өтінім берген. Жаңа тарифтер жайлы талаптарды ескерген энергетика министрлігі шекті бағаны көтеру туралы бұйрық әзірледі. Тұрғындарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
1 қыркүйектен бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің стипендиясы көбейеді. Университет және колледж студенттері үшін шәкіртақы көлемі екі есеге артса, магистранттар мен докторанттарға да арнайы үстемақы тағайындалады.
Global Firepower 2025 жылға арналған елдердің әскери қуаттылығы бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азиядағы ең мықты әскери күш ретінде танылып, аймақтық көшбасшылықты тағы да растады.
Шымкентте қазақ поэзиясының құдіретін дәріптейтін ерекше рухани кеш өтті. “Жырлайды жүрек” атты Мұқағали оқулары байқауы жас дарындарды бір сахнаға жинады. Жыр сүйер қауым ақиық ақынның мұрасын тағы бір мәрте жаңғыртты.
Шымкенттегі Danico балалар киімі цехының өкілдері жастарды жұмысшы мамандығын меңгеруге шақырады. Айтуынша, жалпы нарықта, оның ішінде жеңіл өнеркәсіпте мамандар тапшылығы байқалады.
Шымшаһарда өнертапқыштар құлағы естімейтін жандарға арналған ерекше көзілдірік жасап шығарды. Бұл құрылғы айналадағы әңгімені лезде мәтінге айналдырып, суфлер тәріздес көзілдірікке шығарады. Осылайша, есту қабілеті нашар адамдар өзгелермен еркін сөйлесуге мүмкіндік алады.
Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жүргізілген тексерулер нәтижесінде 101 әкімшілік іс қозғалды. Оның 86-сы бойынша жалпы сомасы 284,1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Арыз шағымдар негізінен тұрғын үйлер арасында мал ұстау,көршілердің қалдықтарды өртеуі, монша, темір қабылдау пунктері,түнгі мезгілде қала аумағында жағымсыз иістің шығуы, суды, топырақты ластау, бойынша жолданған.