Елімізде шекара асып, білім алуға ұмтылатын жастардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет басшысы Ана тілі газетіне берген сұхбатында шет мемлекетте тәжірибе жетілдіруді қалайтын түлектерді қолдайтынын жеткізген болатын. Тек білімнің көкжиегін кеңейткен жас маман біліктілігін ел игілігіне жұмсаса құба- құп.
Ел арасында жақсылық жасап, мұқтаждарға шарапатын тигізіп жүрген жандар аз емес. Еріктілердің ерлік әрекеті сын сағатта сараланады. Ел басына қатер туған сәтте қолдан келер көмегін көрсететін бүгінгі күннің батырларын елеп жүрміз бе?
Көптің көңілін қуантқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасымен былтыр кәмелетке толған азаматтардың жинақтарды пайдалануы бойынша алғашқы қорытынды белгілі болды. Жобада қандай өзгерістер бар?
Қоғамдық орындарда тәртіп бұзған азаматтарға қатысты жаңа жаза енгізілді. Енді бейәдеп сөз айтып, түкірген немесе қоқыс тастаған адамдар көше сыпыруға міндеттеледі. Бұл туралы Сенат тиісті заңды мақұлдады.
Жыл сайын 19 қаңтарда православтық дін өкілдері «Құдайға шоқыну» мерекесін атап өтеді. Жаппай діни іс-шаралардың ішінде ашық ауада шұңқырларға немесе суға шомылу ұйымдастырылады.Бұл күні аталған іс-шара Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Қошқар Ата өзенінің басында өтеді.
Шымкент қаласында “Жұмысшы мамандықтары жылына” орай “Еңбек адамы – елдің байлығы” атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара барысында индустриалды аймақтардағы өндіріс орындары мен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік, қаржы, мемлекеттік қызмет және қызмет көрсету салаларынан жұмыс берушілер өз ұсыныстарын жасады.
Шымкент қаласында соңғы бес жыл ішінде білім беру жүйесі айтарлықтай дамыды. Бүгінде қалада үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешімін тауып, жайлы мектептер қолданысқа беріле бастады.
Елімізде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы сақталуда. Дегенмен, Шымкент қаласында 2024 жылы инфекциялық және паразитарлық аурулардың кейбір түрлерінің деңгейі өскені байқалды. Мысалы, ЖІЖА жағдайы 35,7%-ға, ботулизм 5 жағдайға, бруцеллез 4 жағдайға, көкжөтел 10 жағдайға, менингит 6 жағдайға, ал іріңді менингит 3,6 есеге көбейген.
Енді алименттен жалтарып жүргендерді жасанды интеллект анықтайды. Қазіргі таңда минстрлік жанынан арнайы комитет құрылып, жасанды интеллект орталығы ашылғалы жатыр.
Əлемде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Ғалымдар ғажайып жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Интеллектуалды жүйелер арқылы басқарылатын керемет жетістіктің бірі ақылды үй. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.