9 Май 2025, Пт

Шымкент жаңалықтары

«ЖАСЫЛ ЕЛ» МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ


Шымкент қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ-шы маусымы жабылды. Оған өңірдегі белсенді жастар жиналды. «Таза Қазақстан» акциясына жұмыла қатысқан «Жасыл ел» жасағының жастары әр түрлі номинация бойынша марапатталды. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бірегей жоба жастарды еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

ШЫМКЕНТТІК АСПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

 

Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауда Қазақстанның атын асқақтатты. «Turkistan Chefs Hub» бірлестігінің аспаздары «Shymkent Tourism Bureau» туристік бюросының қолдауымен «Game of Food GastroAntalya 24» байқауына қатысып, екі алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды.

«АДАЛДЫҚ–АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ


Шымкент қаласында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен «Адалдық – адамдық белгісі» атты қалалық сурет байқауы өтіп жатыр. Онда қаладағы колледж шәкірттері, мектеп оқушылары, жалпы 92 жас бағын сынап жатыр.

ШЫМКЕНТТЕ АИТВ ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРҒАН ӘЙЕЛДЕРДЕН ДЕНІ САУ 686 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Дүниежүзілік науқан аясында 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» ұранымен жиындар ұйымдастырылады. Ғасыр індетінен сақтану үшін, ақпараттық сауаттылықта аса маңызды рөл атқарады. Осы ретте, дәстүрге айналған онкүндік іс-шаралар Шымкент қаласында басталды. Қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе жоспарланған жиынға студенттер мен білікті дәрігерлер қатысты.

ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ


Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №2 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында шара өтті. Жастардың бойындағы адамгершілік қасиетін арттыру және ата-ананы құрметтеу мақсатында өткен жиынға студенттер жоғары деңгейде дайындалыпты.