14 Май 2025, Ср

Шымкент жаңалықтары

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкентте мейіргер ісінің дамуына арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Ауқымды шараға Қазақстан, Ресей, Литва, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен білікті мамандар жиналды. Конференцияға Денсаулық сақтау министрлігі, еліміздің алдыңғы қатарлы медициналық жоғары оқу орындары мен шетелдік сарапшылар қатысып, мейіргер ісінің қазіргі ахуалын сарапқа салды.

КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА СЕГІЗ ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкенттік тұрғындар қуанышқа кенелді. Көксай шағынауданында реновация бағдарламасы аясында тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды. Бұл бағдарлама қаланың сәулеттік келбетін жаңғыртып, тұрғындарды заманауи әрі қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.

8 НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.Толығырақ алдағы сюжетте!

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰРПАҚ САНАСЫНА СІҢІРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

Шымшаһарда «Қоғам – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы» атты қалалық форум өтті. Қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараға қоғам қайраткерлері, білім саласының мамандары, жастар ұйымдары мен ұлттық орталықтардың өкілдері қатысты.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰРПАҚ САНАСЫНА СІҢІРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

Шымшаһарда «Қоғам – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы» атты қалалық форум өтті. Қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараға қоғам қайраткерлері, білім саласының мамандары, жастар ұйымдары мен ұлттық орталықтардың өкілдері қатысты.

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПКЕ ҮНДЕЙТІН АКЦИЯ

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жалпыхалықтық бастама. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау, экологиялық жауапкершілікті арттыру және қоғамды табиғатты аялауға шақыру. Осы бастаманы қолдау мақсатында №72 жалпы білім беретін мектепте ашық сабақ өтті.

САДАҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін садақ атудан жабық кешенде Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы чемпионаты өз жұмысын бастады. Бұл бәсеке еліміздің әр түкпірінен 300-ден астам жас мергендерді жинады. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан және Жетісу облыстарынан келген спортшылар қатысуда.

ОБЛЫСТА АЛҒАШ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысының медицинасы тарихи кезеңді бастан өткерді. Өңір дәрігерлері алғаш рет күрделі бауыр трансплантациясын сәтті жүзеге асырды. Операция Шымкенттегі клиникалық аурухана базасында жасалып, оған еліміздің бас хирургы жетекшілік етті.

ШЕТЕЛДЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Шетелде білім алу – бүгінгі білімді түлектің аңсаған арманы. Жоғары сапалы біліммен әлемдік тәжірибе алу үшін алдымен халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсыру маңызды. Бұл тест талапкердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін дәлелдеуге көмектеседі. Емтиханға тиімді дайындалу жолдары қандай? Тілшіміз тарқатып айтады.

ОҚУШЫЛАР ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жастар мен оқушыларға арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара «Біріңғай қауіпсіздік күні» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.