Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында науқастарға арналған мектеп ашылды. Оның мақсаты – адамды есінен айырып, өзіне тәуелді қылатын түрлі психотропты заттарға уланған жандарға психологиялық көмек көрсету.
Шымкентте «Таза Қазақстан»республикалық бағдарламасы аясында жалпы қалалық экологиялық акция өтті. Ауқымды іс-шараның мақсаты – аумақтарды тазарту ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының назарын қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне аудару.
Шымкентте жастарға арналған мүмкіндіктер талқыланды. Кездесудің негізгі мақсаты – цифрландыру мен инновация бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру.
ҚР-ның тәуелсіздік күніне және мүсінші Аманат Назарқұлдың 65 жылдың мерейтойына орай «Ұлы түрік шыңы» атты көрме өтті. Аталмыш шараның мақсаты-тарихи оқиғаларды суреттеу.
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Бұл жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы бойынша есеп беріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.
Шымкент қаласында Тәуелсіздік күніне орай үш жаңа өндіріс орнының ашылуы өңір экономикасына қосылған маңызды үлес болып табылады. Салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Шымкент қаласында 531 борышкер алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, 212 адам қамауға алыныпты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова айтты.
Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті. Іс-шара Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Аналар» мектебінің ашылуымен бастау алды.
Әлеуметтік желі алаяқтардың қаруына айналды. Иә, бүгінде ғаламтордан оқырмандар түрлі ақпараттармен қанығады. Ал оның бірі рас болса, енді бірі жалған ақпарат.