15 Ноя 2026, Вс

Қызылорда жаңалықтары

УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАР 16 МЫҢНАН АСТАМ ҮЙДІ АРАЛАДЫ

«Профилактика жылы: полиция Заң мен Тәртіп күзетінде» қағидатын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталмыш шара барысында учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралады. 205 саяжай үйлері мен 285 шаруа қожалықтарын тексерді.

СЫРДЫҢ КЕРУЕНІ ЕЛОРДАҒА ЖӨНЕЛТІЛДІ

Ағымдағы жылдың 13-14 қыркүйек күндері Астана қаласында Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Бүгін Сыр өңірінен молшылыққа толы жүк керуені Елордаға жолға шықты. Толығырақ өңірдегі тілшіміздің бейнематериалында.

115 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін жаңа қадамдар жасау қажет екенін атап өтті.

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЛАНЫҢ КАФЕ МЕН КЛУБТАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ТАЛҚЫЛАДЫ

https://www.instagram.com/p/DMrs8nKNmDJ/?igsh=bTF5MXNnbDd2NzV1

Қызылордалық полицейлер мен кәсіпкерлер қаланың кафе мен клубтардағы қауіпсіздікті талқылады

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлының төрағалығымен кеңес өтті. Оған Қалалық полиция басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Криминалдық полиция басқармасы және қала кәсіпкерлері қатысты.
Жиында кафе, клуб, түнгі ойын-сауық орындарында орын алатын құқық бұзушылықтар мен жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктердің алдын алу мәселесі қаралды. Полицейлер түнгі клубтар мен барлардың иелерін, сондай-ақ күзет ұйымдарын тығыз ынтымақтастыққа шақырып, қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды.
«Ғимараттарға суық және атыс қаруларын алып кірудің алдын алу үшін күзет қызметкерлерін металл іздегіштермен жабдықтау міндетті. Сонымен қатар, мекеме ішіне және сыртқы аумағына бейнебақылау камераларын қосымша орнату қажет,» – деді Серік Әбдімәуленұлы.
Сондай-ақ, ойын-сауық орындарының жұмыс уақытын қолданыстағы заң талаптарына сәйкестендіру қажеттігі айтылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі клубтарда болуы – заң бұзушылық болып табылады және бұл үшін жауапкершілік көзделгені ескертілді.
Жиын барысында қылмыстық әрекеттерге бірлесіп қарсы тұру үшін Бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірлеу ұсынылды. Полиция тарапынан бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.