Қызылорда облысында жастар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар және мемлекеттік тіл» тақырыбында дебат турнирі ұйымдастырылды.
Қызылордада Ұлттық кітап және Кітапханашылар күні кең көлемде атап өтілді. Биылдан бастап 23 сәуір елімізде ресми түрде Ұлттық кітап күні ретінде белгіленіп, руханият мерекесіне айналды. Бұл бастама ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан ұсынылған. Апталық аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана базасында «Кітап – білім бастауы» тақырыбында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Зияткерлік сайыстар, әдеби кездесулер, кітап көрмелері мен мәдени жобалар оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады.
Қызылордада «Ауыл» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Auyl Jastary «Цифрландыру және жасанды интеллект» атты облыстық жастар форумы өтті. Ауқымды шара ауыл жастарының әлеуетін арттырып, олардың бастамаларын қолдауға бағытталған. Толығырақ тілші материалында…
Сыр елірде «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтіп, биылғы маусымның жеңімпазы анықталды. Жастардың шығармашылық алаңына айналған жобаға өңір бойынша 30 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Қызылордада шағын шеберханадан басталған кәсіп бүгінде өңірдегі ірі жиһаз өндірісінің біріне айналды. «Панабек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы жиһаз өндірісі арқылы өңір экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Кәсіпорын өнімдері бүгінде ел көлемінде кең сұранысқа ие.
23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай Сыр өңірінде ерекше форматтағы мәдени шара өтті. Облыстық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған «Ашық аспан астындағы кітапхана» дауыстап оқу шарасы ботаникалық бақта өтті. Табиғат аясындағы тағылымды кездесу жас буынның кітапқа деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Өңірде 24-30 сәуір аралығында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен иммундаудың еуропалық апталығы өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында сала мамандары баяндады. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Қызылордада мәдениет пен руханиятқа серпін беретін маңызды жоба бастау алды. Президент саябағында жаңа драма театрының іргетасы қаланып, капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
В Приаралье прошли масштабные мероприятия, приуроченные к Международному дню памятников и исторических мест. В рамках акций «Мәдени мұраны бірге сақтайық» и «Мәдени мұра – ұрпаққа аманат» жители региона провели санитарную очистку исторических объектов, отдавая дань уважения национальным ценностям. Главная цель — сохранение и популяризация объектов культурного наследия, а также повышение гражданской ответственности общества.
В Кызылорде состоялось историческое событие для детско-юношеского футбола. На стадионе «Кайсар Арена», расположенном на левобережье, организовали торжественную церемонию открытия тысячного матча QJ League. Подробности в материале.