15 Ноя 2026, Вс

Жамбыл жаңалықтары

ФИНАНСОВАЯ ГРАМОТНОСТЬ — ОСНОВА УСТОЙЧИВОГО БИЗНЕСА

Финансовая грамотность предпринимателей — важный инструмент устойчивого развития бизнеса. Умение грамотно привлекать кредитные средства, пользоваться государственными программами поддержки и планировать расходы помогает предприятиям расширять производство и сохранять рабочие места. В Жамбылской области региональный филиал Фонда «Даму» организовал пресс-тур для представителей СМИ. Журналисты посетили три предприятия и узнали, как финансовые инструменты фонда помогают предпринимателям развивать бизнес, модернизировать производство и сохранять рабочие места.

ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯМ ПРОСТИЛИ 316 МИЛЛИОНОВ ТЕНГЕ ДОЛГА

В Казахстане вступил в силу новый Налоговый кодекс, открывший путь к серьезным послаблениям для представителей бизнеса. Сегодня на площадке Региональной службы коммуникаций представители Департамента государственных доходов по Жамбылской области озвучили первые положительные результаты налогового администрирования. Главная радостная новость — благодаря механизму «чистого листа» и новым правилам в регионе списаны пени и штрафы предпринимателей на сотни миллионов тенге!

ЗАБОТА О РОДНОЙ ЗЕМЛЕ

Озеленение родного края и продвижение добрых начинаний — это проявление искренней заботы о своей стране. Один из жителей жилого массива «Кумшагал» района Жибек жолы показал яркий пример такого бережного отношения и благоустройства. Чтобы высаженные вокруг детской игровой площадки по улице Жандосова 300 саженцев не пострадали от скотины, местный житель за свой счет приступил к их надежному ограждению. Подробности — в следующем видеосюжете.

ДЕНЬ, КОГДА МАЛЕНЬКИМ СЕРДЦАМ ПОДАРИЛИ НАДЕЖДУ

Для детей, родившихся с пороками сердца в Жамбылской области, открываются новые возможности. В 2025 году в регионе родились около 22 тысяч малышей. Сегодня принимаются важные меры для сохранения их здоровья. Квалифицированные врачи из столицы совместно с таразскими коллегами проводят специализированные операции и бесплатные консультации, чтобы подарить маленьким пациентам шанс на полноценную жизнь.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫ БИЗНЕСТІҢ НЕГІЗІ

Қаржылық сауаттылық — бизнесті тұрақты жүргізудің басты кепілі. Мемлекеттік қолдауды шебер пайдаланып, несие қаражатын оңтайлы бағыттай білген кәсіпорындар өндірісті кеңейтіп, жұмыс орындарын сақтап келеді. Осы орайда «Даму» қорының өңірлік филиалы БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Журналистер аймақтағы үш ірі өндіріс орнын аралап, мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижесіне куә болды.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 316 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРЫЗЫ КЕШІРІЛДІ

Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне еніп, бизнес өкілдері үшін үлкен жеңілдіктерге жол ашылды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері салықтық әкімшілендірудің оң нәтижелерін жариялады. Ең басты қуанышты жаңалық – «таза парақ» тетігі мен жаңа ережелердің арқасында өңірдегі кәсіпкерлердің жүздеген миллион теңгелік өсімпұлдары мен айыппұлдары есептен шығарылды!

ТУҒАН ЖЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Туған жерді көгалдандырып, игі іске ұйытқы болу – елге деген шынайы жанашырлықтың көрінісі. Жібек жолы ауданы, «Құмшағал» шағынауданының бір тұрғыны осындай тазалық пен абаттандырудың жарқын үлгісін көрсетті. Жандосов көшесінің бойындағы балалар ойын алаңының айналасына отырғызылған 300 түп ағаш көшетін ертең мал таптап не түртіп кетпес үшін, Құмшағал тұрғыны оны өз қаражатымен мықтап қоршауға кірісті. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

КІШКЕНТАЙ ЖҮРЕКТЕРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАҒАН КҮН

Жамбыл өңіріндегі жүрек дертіпен дүниеге келген бүлдіршіндер үшін үлкен мүмкіндік туып отыр. 2025 жылы аймақта 22 мыңға жуық сәби дүние есігін ашып, қуанышқа бөленсе, бүгінде сол сәбилердің денсаулығын қорғау бағытында маңызды қадамдар жасалып жатыр. Елордадан келген білікті дәрігерлер Тараздағы әріптестерімен бірігіп, кішкентай жүректерге екінші өмір сыйлау үшін арнайы операциялар мен тегін консультациялар жасауды бастады!

ФИНАНСОВАЯ ГРАМОТНОСТЬ — ОСНОВА УСТОЙЧИВОГО БИЗНЕСА

Финансовая грамотность предпринимателей — важный инструмент устойчивого развития бизнеса. Умение грамотно привлекать кредитные средства, пользоваться государственными программами поддержки и планировать расходы помогает предприятиям расширять производство и сохранять рабочие места. В Жамбылской области региональный филиал Фонда «Даму» организовал пресс-тур для представителей СМИ. Журналисты посетили три предприятия и узнали, как финансовые инструменты фонда помогают предпринимателям развивать бизнес, модернизировать производство и сохранять рабочие места.

ТОО «ТаразКожОбувь» работает с 1999 года и выпускает более 70 наименований обуви, в том числе для армии и силовых структур. Производственные мощности достигают 500 тысяч пар в год. В 2025 году предприятие получило льготное финансирование по программе «Өрлеу» под 12,6 процента годовых. Средства направили на пополнение оборотного капитала.
Компания «Новые

Технологии – Тараз» с 2022 года развивает в Таразе производство под брендом NTOUCH. Здесь выпускают камеры видеонаблюдения, видеорегистраторы, серверные шкафы и турникеты. Уровень локализации продукции достигает 60 процентов, а штат предприятия насчитывает более 150 специалистов.
ТОО JS Glass занимается формованием и обработкой листового стекла. В 2026 году предприятие воспользовалось программой «Іскер аймақ» и гарантийной поддержкой Фонда «Даму» для получения банковского финансирования. Средства направили на текущие производственные нужды и закупку материалов.Поддержка предпринимательства позволяет компаниям решать текущие финансовые задачи, поддерживать производственные процессы и расширять возможности для дальнейшего развития. Примеры предприятий Жамбылской области демонстрируют, как инструменты государственной поддержки применяются в различных отраслях — от производства обуви до современных систем безопасности и обработки стекла. Пресс-тур стал возможностью для представителей СМИ на практике ознакомиться с работой предприятий и узнать, какую роль финансовые инструменты Фонда «Даму» играют в развитии отечественного бизнеса.

«Даму» қоры Жамбыл облысындағы кәсіпорындардың жұмысымен таныстырды

2026 жылғы 29 қазанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында журналистер қордың қаржылық қолдауын пайдаланып отырған үш кәсіпорынның жұмысымен танысты. Атап айтқанда, отандық өндірісті дамыту, өндірістік қуаттарды кеңейту және кәсіпкерліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар көрсетілді.

Баспасөз турының алғашқы нысаны — былғары бұйымдары мен аяқ киім өндіруге маманданған «ТаразКожОбувь» ЖШС. 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде аяқ киімнің 70-тен астам түрін шығарады. Өндірістік қуаты жылына 500 мың жұпқа дейін жетеді. Компания 2025 жылы «Өрлеу» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы аясында жылдық 12,6 пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру алған. Қаражат айналым қаражатын толықтыруға бағытталып, өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.

Келесі нысан — «Новые Технологии – Тараз» ЖШС-нің «NTOUCH» брендімен өнім шығаратын өндіріс орны. 2013 жылдан бері қауіпсіздік жүйелері саласында жұмыс істейтін компания 2022 жылдан бастап Тараз қаласында жеке өндірісін дамытып келеді. Кәсіпорында бейнебақылау камералары, желілік бейнетіркегіштер, PoE-коммутаторлары, серверлік шкафтар мен турникеттер шығарылады. Өнімдердегі жергілікті қамту үлесі 60 пайызға дейін жетеді. Компанияда 150-ден астам маман еңбек етеді.

Баспасөз турының тағы бір нысаны — табақ шыныны қалыптау және өңдеумен айналысатын «JS Glass» ЖШС. 2026 жылы кәсіпорын «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында қолдау алған. Қаржыландыру барысында «Даму» қорының кепілдік қолдауын пайдалану банктік кредит алуға мүмкіндік берген. Алынған қаражат өндірістің ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, соның ішінде қажетті материалдарды сатып алуға бағытталған.

Баспасөз туры аясында журналистер кәсіпорындардың өндірістік үдерістерімен танысып, мемлекеттік қолдау құралдарының бизнесті дамытудағы маңызына назар аударды.

Мұндай бастамалар өңірдегі кәсіпкерліктің дамуын, отандық өндірістің әлеуетін және мемлекеттік қолдау тетіктерінің нақты нәтижелерін кеңінен танытуға мүмкіндік береді.