16 Ноя 2026, Пн

Жамбыл жаңалықтары

NIS ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Күні кеше Тараз төріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің атриумы ерекше толқыныс пен қуанышқа толды. Мұнда «Түлек — 2026: Жаңа өмірге жол!» атты салтанатты жиын өтіп, 108 түлекке мектеп бітіру аттестаттары табысталды. Бұл — жай ғана қоштасу кеші емес, еліміздің интеллектуалды элитасының үлкен өмірге жасаған алғашқы нық қадамы. Толығырақ алдағы сюжетте.

ШАЛҒАЙДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

Енді мемлекеттік қолдау шаралары шалғайдағы кәсіпкерлер үшін бұрынғыдан да қолжетімді болмақ. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры еліміздің шағын қалалары мен ауылдық елді мекендерінде мобильді фронт-офистер жұмысын іске қосты. Жоба Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

ЖАҢА ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылында ауылдық округ әкімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында ел игілігіне ұсынылған нысан тұрғындарға қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.

УРБАНИСТИКА МЕН КӨГАЛДАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТТАРЫ

Облыс әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Онда көтерілген негізгі мәселе — өңірдегі урбанистика саласын дамыту, Тараз қаласының бірыңғай брендбугін енгізу және жасыл қорды жүйелі басқару жайы болды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында аймақта бірқатар құрылымдық өзгерістер жүзеге асты.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ФЕСТИВАЛІ

Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығында Әкелер күніне орай «Әкем – бәйтерегім» облыстық әкелер фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, білім саласының мамандары мен өңірдегі үлгілі әкелер қатысты.

ОБЛАСТНОЙ ФЕСТИВАЛЬ ОТЦОВ

В социальном центре семейного развития «Анаға тағзым» города Тараза в честь Дня отцов прошёл областной фестиваль «Әкем – бәйтерегім» («Отец — моя опора»). В масштабном мероприятии приняли участие общественные деятели, представители интеллигенции, ветераны, специалисты сферы образования и образцовые отцы региона.

ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА В ОТДАЛЕННЫХ РЕГИОНАХ

Теперь меры государственной поддержки станут еще более доступными для предпринимателей из отдаленных регионов. Фонд развития предпринимательства «Даму» запустил работу мобильных фронт-офисов в малых городах и сельских населенных пунктах страны. Проект реализуется в рамках поручения Главы государства по расширению механизмов поддержки бизнеса.

ШАЛҒАЙДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

Енді мемлекеттік қолдау шаралары шалғайдағы кәсіпкерлер үшін бұрынғыдан да қолжетімді болмақ. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры еліміздің шағын қалалары мен ауылдық елді мекендерінде мобильді фронт-офистер жұмысын іске қосты. Жоба Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Мерекелік іс-шара қызметкерлердің кәсіби мерейін өсіріп, ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етті.

Қазақстан полициясы күніне орай ҚАЖ қызметкерлері марапатталды
Қазақстан полициясы күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шараға департаментке қарасты мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерге алғыс жарияланып, марапаттар табысталды.

Сонымен қатар спорт саласында жетістікке жеткен қызметкерлер де ерекше құрметке ие болды. Атап айтқанда, бокс спортынан өткен жарыста І орын алған №59 мекемесінің қызметкерлері Нұрсұлтан Желдибаев, Рауан Расулов, Манарбек Ибрашев және Нұртуған Садукасов арнайы марапаттармен наградталды.
Сондай-ақ, спорттағы жоғары жетістіктері мен ел намысын абыроймен қорғағаны үшін Нұрсұлтан Желдібаевтың ата-анасына алғыс білдіріліп, арнайы марапат табысталды.

ОТКРЫТИЕ НОВОГО ФУТБОЛЬНОГО ПОЛЯ

В целях развития массового спорта на территории одного из образовательных учреждений города появилось новое футбольное поле современного образца. Объект, построенный при спонсорской поддержке предпринимателя Ержана Амалбаева, откроет большие возможности для занятий спортом местных подростков. Подробнее в материале.