15 Ноя 2026, Вс

Жамбыл жаңалықтары

ЖАМБЫЛДЫҚ СПОРТШЫЛАР – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Қырғызстанның Ош қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық жас боксшылар үш чемпиондық белбеуді иеленді. Оның екеуі Жамбыл облысының намысын қорғаған өрендердің еншісінде. Шаршы алаңда қарсыластарынан басым түскен Ислам Сулейманоглы мен Ақжүрек Жұмақұл ел қоржынына жеңіс сыйлап, туған жерінің абыройын асқақтатты.

АСАНЫҢ АҚ ТЕРЕГІ

Қазақ әдебиетінің өзіндік қолтаңбасы бар сатирик әрі балалар ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Советұлы биыл  60 жасқа келді. Әзілдің әлемін жаулап, сатираның жілігін шағып, майын ішкен ақынға бүгін жерлестері құрмет көрсетті. Жамбыл ауданындағы  мәдени-шығармашылық кеш Аса ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.

ҚЫЗЫЛША ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Меркі ауданында стратегиялық маңызы бар қант қызылшасын қабылдау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Өңірдегі диқандардың жыл бойы маңдай терімен өсірген мол өнімі қабылданү нүктелеріне лек-лекпен келіп түсуде. Ойтал ауылдық округінде орналасқан іргелі Меркі қант зауыты ағымдағы жылдың 12 қазаннан бастап қабылдау жұмыстарын ресми түрде бастаған болатын. Толығырақ алдағы сюжетте.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН БА?

Жамбыл облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы басталды. Қазір өңірдегі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берілген. Десе де, жылу жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі мен отын қорын қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл мәселелер облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте қаралды.

ЧЕМПИОН МИРА ИЗ ВОИНСКОЙ ЧАСТИ

На чемпионате мира по греко-римской борьбе среди спортсменов до 23 лет, прошедшем в городе Лас-Вегас (США), сотрудник воинской части 5513 Юсуф Ашрапов, выступавший в составе сборной Казахстана в весовой категории до 72 килограммов, завоевал золотую медаль и стал чемпионом мира.

ЖАМБЫЛСКИЕ СПОРТСМЕНЫ — ГОРДОСТЬ СТРАНЫ

На международном турнире, прошедшем в городе Ош (Кыргызстан), юные казахстанские боксёры завоевали три чемпионских пояса. Два из них достались спортсменам, представлявшим Жамбылскую область. Ислам Сулейманоглы и Акжурек Жумакул одержали уверенные победы над своими соперниками на ринге, пополнив копилку страны новыми достижениями и прославив родной край.

К 60 – ЛЕТИЮ Б. АЛИМКУЛОВА

В этом году свое 60-летие отметил Бахытжан Советулы — яркий сатирик и детский писатель, член Союза писателей Казахстана, обладающий своим неповторимым творческим почерком. Земляки оказали особый знак уважения поэту, который мастерски покорил мир юмора и постиг все тонкости сатиры. Праздничный творческий вечер прошел в районном Доме культуры села Аса.

ПРИЕМКА СВЕКЛЫ ПРОХОДИТ В ШТАТНОМ РЕЖИМЕ

В Меркенском районе идет активная кампания по приемке сахарной свеклы — культуры, имеющей стратегическое значение. Богатый урожай, выращенный местными земледельцами благодаря кропотливому труду в течение всего года, непрерывным потоком поступает на приемные пункты. Крупный Меркенский сахарный завод, расположенный в Ойталском сельском округе, официально начал приемку 12 октября текущего года. Подробности — в следующем сюжете.

ГОТОВНОСТЬ РЕГИОНА К ОТОПИТЕЛЬНОМУ СЕЗОНУ

В Жамбылской области стартовал отопительный сезон 2026–2027 годов. На сегодняшний день теплом обеспечены социальные объекты и многоквартирные жилые дома региона. Вместе с тем вопросы стабильной работы теплосетей и обеспечения необходимыми запасами топлива остаются на особом контроле. Эти темы обсудили на аппаратном совещании в акимате области.

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысы мен өзекті мәселелер талқыланды.