В городе Таразе ведется комплексная работа по полноценному обеспечению избирательных прав граждан с инвалидностью. Сегодня заместитель председателя Центральной избирательной комиссии РК Мухтар Ерман в рамках рабочей поездки в Жамбылскую область посетил избирательный участок №525, где ознакомился с условиями, созданными для граждан с особыми потребностями. Подробнее об условиях для лиц с инвалидностью на избирательных участках региона и требованиях инклюзии расскажет моя коллега.
Кітап – білімнің ғана емес, адамды әлеммен байланыстыратын рухани көпір. Ал оны көзі көрмейтін жанға қолжетімді ету – үлкен ізденісті қажет етеді. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін арнайы кітапхана жарты ғасырдан астам уақыт бойы зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға қызмет көрсетіп келеді. Мұндағы әр кітаптың өз оқырманына жетер жолы бөлек.
Спорт — шектеусіз мүмкіндіктер аймағы. Таразда ерекше ерік-жігерге ие спортшылар кезекті республикалық жарысқа қызу дайындық үстінде. Спортшылар сурдоспорт бойынша облыс пен ел намысын қорғауға сақадай сай. Төртінші жазғы Спартакиада қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны қалай өтіп жатыр? Толығырақ әріптесім Сабина Орынбек тарқатады.
Тараз төрінде ұлттың ұлы ұстазы, хакім Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, дара тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ұлы ойшылдың рухани асыл мұрасын, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын, ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бұл алқалы жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров және аймақтың зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлт тарихында өшпес із қалдырған хәкім Абайдың тағылымы мол шарасы жайлы толығырақ әріптесім тарқатады.
Тараз қаласында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын толық қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Жамбыл облысына іс-сапары аясында №525 сайлау учаскесіне барып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жасалған жағдайларды пысықтады. Өңірдегі сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар жандарға жасалған жағдайлар мен инклюзия талаптары жайлы толығырақ әріптесім тарқатады.
Мүгедектігі бар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту – олардың қоғамға белсенді араласуы мен өмір сапасын арттырудың маңызды тетігі. Осы бағытта Тараз қаласында арнайы жұмыс орындары құрылып, еңбек етуге қажетті жағдайлар жасалуда.
Интернет-алаяқтықтың түрі көбейіп, тұрғындардың қауіпсіздігіне төнетін қатер артып келеді. Осыған байланысты Жамбыл облысы Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Тараз қаласындағы Mart сауда орталығында тұрғындармен ашық кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, көкейдегі сұрақтарына жауап беру.
Жамбыл облысында коммуналдық меншіктегі пайдаланылған автокөліктерді жекешелендіру мәселесі бойынша жария тыңдалым өтті. Жиында мемлекеттік мекемелердің балансындағы техникаларды электрондық аукцион арқылы сату, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекеттік мүлікті басқарудың ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.
Тараз қаласында учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы оқыту семинары өтті. Іс-шараға «Әулиеата» ауданына қарасты сайлау учаскелерінің өкілдері жиналды.
Обеспечение граждан с инвалидностью постоянной занятостью — важный механизм их активной интеграции в общество и повышения качества жизни. В данном направлении в Таразе создаются специальные рабочие места и необходимые условия для труда.