15 Ноя 2026, Вс

Жамбыл жаңалықтары

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ

https://youtu.be/G3g8Vny_-qs

Бүгін – 1 қыркүйек – Білім күні! Тараз қаласындағы №54 орта мектепте алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар қайта мектеп табалдырығын аттады. Айтулы мерекеге Жамбыл облысының әкіми Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Білім – болашаққа бастар жол»

1 қыркүйек – Білім күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде Жамбыл облысы білім басқармасының кешкі мектебінде білім алатын жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – білім алудың маңыздылығын түсіндіру, сотталғандардың білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың өзін-өзі дамытуына және болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Іс-шара барысында білімнің адам өміріндегі орны, оның тұлғаның қалыптасуы мен қоғамға қайта бейімделудегі маңызы туралы айтылып, жаңа оқу жылына ізгі тілектер білдірілді.

Сонымен қатар қатысушыларға 1 қыркүйек – Білім күніне орай білім алудың әрбір адам үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны түсіндірілді.

Тәрбие сағаты соңында сотталғандарға жаңа оқу жылында табыс, ізденіс және білім жолында жетістіктер тіленді.

ПРОФИЛАКТИКА ПРАВОНАРУШЕНИЙ СРЕДИ ПОДРОСТКОВ

Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних — это общая задача не только полиции, но и всего общества. В Жамбылской области эта работа будет проводиться на системной основе. На прошедшем форуме обсудили вопросы усиления безопасности детей, повышения правовой грамотности и применения новых подходов в профилактической работе.

КАЧЕСТВО ОБРАЗОВАНИЯ РАСТЕТ

В Сарысуском районе прошла августовская педконференция. На собрании были подведены итоги прошедшего учебного года и определены предстоящие задачи в сфере образования. Руководитель районного отдела образования Жуаныш Жарыкбасов остановился на результатах 2025–2026 учебного года. По его словам, за последние три года наблюдается стабильный рост качества образования. Если в 2023–2024 учебном году этот показатель составлял 71,4%, то в 2024–2025 учебном году он достиг 71,5%, а в текущем году — 73,1%.

В ТАРАЗЕ ПРОШЕЛ РЕТРО-ФЕСТИВАЛЬ «САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ!»

В жилом массиве «Кумшагал» прошел ретро-фестиваль «Сағындырған әндер-ай!». Музыкальный вечер, организованный Городским домом культуры имени Ыкыласа Дукенулы, объединил ценителей казахстанской эстрады прошлых лет и подарил горожанам ностальгическую атмосферу.

ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫЙ ВОКЗАЛ «ТУРКСИБ» РЕКОНСТРУИРОВАН

В селе Луговое  Рыскуловского района после капитального ремонта открылся  железнодорожный вокзал «Турксиб». В церемонии открытия объекта принял участие аким Жамбылской области Ербол Карашукеев, который поздравил местных жителей и ветеранов железнодорожной отрасли с этим знаменательным событием.

«САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ» РЕТРО-ФЕСТИВАЛІ

«Құмшағал» шағын ауданында «Сағындырған әндер-ай» ретро-фестивалi өттi. Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ұйымдастырған бұл музыкалық кеш отандық эстраданың бұрынғы әндерін сүйіп тыңдайтын қауымның басын қосып, қала тұрғындарына ностальгиялық көңіл-күй сыйлады.Толығырақ алдағы сюжетте.

БІЛІМ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сарысу ауданында тамыз конференциясы өтті. Жиында өткен оқу жылының қорытындысы сараланып, білім беру саласының алдағы міндеттері айқындалды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов 2025-2026 оқу жылының нәтижелеріне тоқталды. Оның айтуынша, соңғы үш жылда білім сапасында тұрақты өсім бар. 2023-2024 оқу жылында бұл көрсеткіш 71,4 пайыз болса, 2024-2025 оқу жылында 71,5 пайызға, ал биыл 73,1 пайызға жеткен.

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – тек полицияның емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта Жамбыл облысында жүйелі жұмыс жүргізілмек. Форумда балалар қауіпсіздігін күшейту, құқықтық сауаттылықты арттыру және профилактикалық жұмысты жаңа тәсілмен ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«ТҮРКСІБ» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговой ауылында орналасқан тарихи «Түрксіб» теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді. Нысанның ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, жергілікті тұрғындар мен теміржол саласының ардагерлерін айтулы оқиғамен құттықтады.