15 Ноя 2026, Вс

Жамбыл жаңалықтары

ШУДА «ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бір жыл бұрын «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты құрылып, белсенді әйелдерді жинап қана қоймай, шешім қабылдауға қабілетті көшбасшы әйелдер буынын қалыптастыруды мақсат еткен болатын. Осы мақсатта Шу ауданында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында облыстық конференция өткізілді. Конференцияға облыстың барлық аудандарынан әйелдер қанатының үйлестірушілері, белсенді әйел азаматтар мен партия мүшелері қатысып, маңызды мәселелерді талқылады.          

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Бүгінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл авиациялық бөлімшесінде 2024 жылы орман өрті бар маусымның қорытындылары және 2025 жылға дайындық тақырыбында жиын өтті.  Жиында орман шаруашылығын қорғау мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, маңызды ақпараттар мен кеңестер ұсынылды.

Е.ҚАРАШӨКЕЕВ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН НАЗАРҒА АЛДЫ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және елді мекендердің бас жоспар жобаларын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды. Толығырақ алдағы сюжетте.

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

 

Жамбыл ауданында “Әйел. Отбасы. Қоғам: Елдің тұрақты дамуы” тақырыбында аудан әйелдерінің форумы өтті. Форумға облыстан және ауданнан арнайы шақырылған  белсенді кәсіпкерлер мен бизнес тренерлер тарихи-өлкетану музейінде әйелдерге арналған үш панельдік сессия өткізді. Спикерлер “Кәсіп — береке көзі”, “Бизнес бастауы — даму жолы” және “Іскер әйелдерге — кең өріс” тақырыптарында өз кеңестерін айтты.  

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН САНАЛЫ ТАҢДАУ

 

Жігіттерге Қарулы Күштер қатарына Конституция мен борыш бойынша кіру міндетті болса, қыздарды бұл қадамға талпыныс пен тілектер жетелейді. Тараз қаласының әскери қызметкері Мадина Анарбаева әскери қызметке деген құлышынысы бала кезінен айшықталған. Бұл шешімге оның аймақтық әскери-патриоттық клубында жаттығулары да әсер еткен. Дәл осы кезде 15 жастағы қыз әскери қызметке деген құрмет пен әскерге шақырылуға деген берік шешімін қабылдаған болатын.

«АСЫЛ АНА – ӨМІР ШЫРАҒЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Меркі ауданында ерекше салтанатпен аталып өтті. Мереке таңертең аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың қатысуымен бастау алды. Әкім алдымен ардагер ұстаздар мен көпбалалы аналарды қабылдап, оларды жеке-жеке құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстай отырып, жылы лебізін білдірді.

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

 

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың қатысуымен жиын өтті. Басқосуда құқықтық тәртіпті нығайту, өңірдегі заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру жолдары мен пробация қызметінің жұмысы талқыланды. Толығырақ алдағы сюжетте

«8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

 

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай облыс әкімінің салтанатты қабылдауы өтті. Кездесуге түрлі салада қызмет етіп, оның ішінде еңбек адамының жарқын үлгісін көрсетіп жүрген жұмысшы мамандық өкілдерінен құралған нәзік жандылар қатысты. Жиында өңір басшысы аруларды мерекемен құттықтап, ақ жарма тілегін жеткізді.

Е.ҚАРАШӨКЕЕВ ӨҢІРДІҢ НӘЗІК ЖАНДЫ АРУЛАРЫН 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Әулиеата өңірінің аруларын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Салтанатты шара Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімімен бірге аймақтың қоғам қайраткерлері, атқарушы билік өкілдері және өңірдің түрлі салаларында еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.

ОСОЗНАННЫЙ ВЫБОР

 

Если юношам предписано вступать в ряды Вооруженных Сил согласно долгу и Конституции, то девушек к этому побуждает стремление и желание. Рядовой контрактной службы из Тараза Мадина Анарбаева приняла решение стать военнослужащей еще в детстве.  А желание это возникло после занятий в военно-патриотическом клубе регионального командования «Юг».  Именно тогда пятнадцатилетняя девочка прониклась уважением к военной службе, и твердой решимостью призваться в армию.